Саясат

Ташкентте Қазақстан денсаулық сақтау саласындағы реформалармен таныстыру рәсімі болды

Өзбекстанда өтіп жатқан Қазақстанмедицина күндерінің шеңберінде форумның бірінші күні «Қазақстан Республикасындадәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды реттеу жүйесі» атты таныстырубаяндамасымен ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар менкөрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылаукомитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының»бас директоры Арнұр Нұртаев сөз сөйледі.

Ташкентте Қазақстан денсаулық сақтау саласындағы реформалармен таныстыру рәсімі болды

Өзінің сөзінде ДЗСҰО басшысыҰлттық орталық атқаратын негізгі қызмет бағыттары, дәрілік заттар мен медициналықбұйымдарға сараптама жүргізу рәсімі, атап айтқанда, ЕАЭО шеңберінде дәрілік препараттардытіркеуден өткізу кезінде өтінім берушілерге қойылатын талаптар туралыәңгімеледі.

Форум қатысушылары ҚазақстанРеспубликасының заңнамасына дәрі-дәрмектердің бағаларына реттеу енгізуменбайланысты жасалған соңғы өзгерістер, дәрілік препараттарды іздеу-табумақсатында іске қосылған жаңа «Darikz» қосымшасы, Қазақстандағы медициналықөнімдер мен отандық тауар өндірушілерді қолдау шаралары, сонымен қатар қазақстандықәріптестермен және серіктестермен өзара байланыс пен ынтымақтастықтың дамукелешегі туралы толыққанды ақпарат берілді.

21 қараша күні Ташкентте ҚазақстанДәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының және ӨзбекстанДәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медицина техникасынсараптау және стандарттау мемлекеттік орталығының арасында Ынтымақтастық туралымеморандум жасалып, қол қойылғанын естеріңізге саламыз.

Тараптар дәрілік заттар менмедициналық бұйымдарды сараптамадан өткізу мәселелерінде өзара қарым-қатынасұстану, ғылыми зерттеулер жүргізу және дәрілік заттар, медициналық мақсаттағыбұйымдар мен медицина техникасының айналымын реттеу саласында тәжірибелералмасу дәстүрін қалыптастыруға келісті.

Өзбекстанда өтіп жатқанҚазақстандық медицина күндері 21-22 қараша күндері өтті. Іскерлік сапарда қазақстандықделегацияға ҚР Денсаулық сақтау министріЕлжан Біртановжетекшілік етті. 

Фотоларды автор ұсынды

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз