Әлеумет

Ташкентте уланып, ауруханаға түскен балалардың жағдайы белгілі болды

Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі Ташкент ауруханасына барып, уланған футболшылардың жағдайымен танысты.

Ташкентте уланған балалар

Оларға медициналық көмек көрсету мәселесі консул Сәкен Пердебековтің жеке бақылауында.

Жалпы жағдайды Қазақстанның Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мен Өзбекстан Денсаулық сақтау министрінің орынбасары бақылап отыр.

Қазақстанның Өзбекстандағы елшілігінің мәліметінше, медициналық көмекке 19 адам жүгінген. Олардың 17-сі ауруханаға жатқызылды. Науқастардың арасында 11 бала бар. 

Қазіргі уақытта уланған азаматтардың жағдайы тұрақты.

Редакция «Все СМИ» желісіне қатысады.
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз