Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
20:29, 18 Наурыз 2024

Тау курорттарының Еуразия альянсына ірі қазақстандық курорт қосылды

Oi-Qaragai
Фото:

Тау курорттарының Еуразия альянсына ірі қазақстандық курорт – Oi-Qaragai бесінші мүше болып қосылды. 

Алдағы уақытта аталған курорттың  даму және кеңею жоспарлары бар. Еуразия альянсына қосылу туралы меморандумға қол қою шарасы 2024 жылы 16 наурызда "Роза Хутор" тау курортында өтті. Салтанатты рәсім Қазақстанның "Шымбұлақ", Әзірбайжанның "Шахдаг", Өзбекстанның "Амирсой" және қабылдаушы тарап – Ресейдің ең ірі "Роза Хутор" тау курорты басшыларының қатысуымен болды.

Oi-Qaragai-дың Еуразия альянсына қосылу рәсімі "Еуразия тау курорттарының фестивалімен" тұспа-тұс келді. Оның барысында ұйымдардың бірінші басшылары мен өкілдері тәжірибе алмасты, шеберлік сыныптарын өткізді және қызметтердің жұмысымен танысты.

 "Осындай альянсқа кіру дамуға серпін береді. Біздің міндетіміз – жоғары сапалы қызмет көрсету және адамдарға ұмытылмас әсер сыйлау. Мұны тиісті деңгейде команда болып жасауды үйрену әлдеқайда оңай. Сондай-ақ цифрландыруға көбірек көңіл бөлу жоспарда бар", - деді Oi-Qaragai тау курортының бас директоры Дмитрий Матяс.