Тәуелсіз бақылаушылар: Сайлау қайта өтсін!
Сайлауда көптегензаңбұзушылық пен бұрмалауды анықтаған тәуелсіз бақылаушылар Қасым-ЖомартТоқаевты заңсыз президент деп тануды талап етті.
Бақылаушылардың айтуынша, сайлауқайта өтуі қажет. Бірақ оған Тоқаев пен Қосанов қатыспауы тиіс. Бұл туралы тәуелсізбақылаушылар бүгін, маусымның 14-і күні Алматыда өткен баспасөз мәслихатындамәлімдеді.
Баспасөз мәслихатын "Қамаудағылардыңқұқығын қорғау коалициясы" ұйымынан бақылаушы куәлігін алғандар өткізді. Оларсайлауды бақылаған өзге тәуелсіз бақылаушылармен бірігіп жұмыс істеген.
"Қамаудағылардың құқығын қорғаукоалициясы атынан бас-аяғы 300 бақылаушыға куәлік бердім. Өзге ұйымдармен бірігіпжұмыс істедік, сөйтіп, Алматыда 1230-дай тәуелсіз бақылаушы болдық, қаладағы 554сайлау учаскесінің 350-ін қамтыдық. Қазақстан бойынша 9 мың бақылаушы болса,соның 6 мыңы тәуелсіз бақылаушы болды", – дейді тәуелсіз бақылаушы СерікӘБІШЕВ.
"Қамаудағылардың құқығын қорғаукоалициясының" бақылаушылары Алматыдағы 208 сайлау учаскесінде жұмысістеген. Тәуелсіз бақылаушылар сол учаскелердегі сайлау нәтижелері Алматықаласы аумақтық сайлау комиссияның қорытындысымен сәйкес келмейді дейді.
«Алматыдағы 554 сайлау учаскесінің208-ін бақыладық. Сол 208 учаскедегі хаттама бойынша, Қосановқа 72 316 адам (41,11 пайыз), Тоқаевқа 86 723 (49,29 пайыз) адам дауыс берген. Аленді Алматы қаласы аумақтық сайлау комиссияның нәтижесі бойынша, Қосановқа Алматыдағы554 учаскеде 50 366 адам дауыс берген. Сонда қалған 22 мың адамның даусы қайда?Мұны жоққа шығару үшін сайлау комиссиясы бізге бізге барлық хаттаманыкөрсетсін. Алматы – республикалық маңызы бар қала. Сондықтан президентсайлауының нәтижесін заңсыз, ал Тоқаевты легитимді емес деп тануды сұраймын.Сайлау қайта өтуі тиіс. Бірақ бұл сайлауға Тоқаев пен Қосанов қатыспасын»,– деді тәуелсіз бақылаушы Тимур ПОЧАНОВ.
Тағы бір тәуелсіз бақылаушы АйманТҰРСЫНХАН сайлауды бақылаған өзге ұйымдардың бақылаушылармен бірге аймақтардағысайлау нәтижесін зерттеп жатқанын жеткізді.
" Оралдағы «Уральскаянеделя», Астанадағы парламентаризмді дамыту қоры, "Ұлт тағдыры"қоғамдық ұйымы (Дос Көшім жетекшілік ететін "Ұлт тағдыры" ұйымынақатысы жоқ – ред.), құқық қорғау ұйымдарының коалициясы, «Эхо» ұйымы,«Oyan, Qazaqstan» қозғалысы мен Әнуар Нұрпейісовтің өкілдерімен біргебүкіл Қазақстандағы сайлау учаскелерін бақылаған бақылаушылардан хаттамалардыалдыртып жатырмыз. Орал, Батыс Қазақстан облысы, Алматы қаласы мен облысы, Нұр-Сұлтан, Қостанай, Шымкент, Өскемен, Павлодардағы бақылаушылар хаттамаларды берді.Астанадағы "Ұлт тағдыры" қоғамдық ұйымы мәліметінше, 131 сайлауучаскесінде Тоқаевқа 51,8 пайыз, Қосановқа 35,6 пайыз дауыс берілген. БатысҚазақстан облысындағы барлық учаскеде тәуелсіз бақылаушылар болды. Тоқаев олоблыста 40,4 пайыз, Қосанов 49,9 пайыз дауыс алды. Марғұлан Сейсембай мен Қазақстан жастарыныңақпараттық қызметінің мәліметтеріне қарағанда, Алматы облысында Тоқаевқа 46пайыз, Қосановқа 48 пайыз дауыс берілді. Алматы қаласында сайлаушылардың 56пайызы Тоқаевқа, 39 пайызы Қосановқа дауыс берді", – дейді А.Тұрсынхан.
А.Тұрсынхан оппозициялық саясаткерӘ.Қосановтың штабы мен сайлауды бақылаймыз деп мәлімдеген «Ақиқат»жалпыұлттық социал-демократиялық партиясына өкпе-назын жайып салды.«Сайлауды бақылаймыз деген „Ақиқат“ ЖСДП осы күнге дейінсайлаудағы заңбұзушылықтар жөнінде бірде-бір мәлімдеме жасамады. Ал Қосановтыңсайлаудағы заңбұзушылықтар мен бұрмалау туралы білмедім дегені – қып-қызылөтірік. Оның өзіне де, штаб мүшелеріне де өзіміз түсірген заңбұзушылықтарды күні бойы жолдадық. Ә.Қосановтыұсынған „Ұлт тағдырының“ төрағасы Дос Көшімнің „ұйымныңбақылаушыларына сайлау хаттамаларын қолға бермеді“ деген уәжі негізсіз.Біз сол хаттамаларды алдық қой», – деді А.Тұрсынхан.
Сайлау кезінде өрескелзаңбұзушылықтарды анықтаған тәуелсіз бақылаушылар бас прокуратураға шағымданып,сайлау нәтижесін заңсыз деп тануды сұрамақ.