Өңір

«Тәуелсіздікке 20 жыл» карантинде отыр

Шымкенттекоронавирус індетін жұқтырған алғашқы науқас тұратын Тәуелсіздікке 20 жылтұрғын алабының халқы карантинде отыр.

«Тәуелсіздікке 20 жыл» карантинде отыр

Қаланыңбатыс бөлігінде орналасқан елді мекенде 3 мыңға жуық тұрғын бар.

–Тәуелсіздікке 20 жыл тұрғын алабының коронавирус инфекциясына байланысты 14 күнге карантингежабылғаны белгілі. Біз осы қиын кезде әлеуметтік тұрғыда әлжуаз отбасыларғабарынша қолдау көрсетіп жатырмыз. «Біз біргеміз!» республикалық акциясыныңаясында 107 (616 адам) жағдайы төмен отбасыға азық-түлік себеттері тегінтаратылды. Сонымен қатар  716 отбасыға40-50 пайыз жеңілдікпен картоп, пияз, сәбіз, май, ұн ұсынылды,-деді   бүгін өткен брифингте Шымкент қаласы Абай ауданының әкімі БұқарбайПарманов.

Ауданәкімінің айтуынша, елді мекендегі барлық тұрғындар қауіпсіздік талаптарынмұқият орындауда. Тұрғынға тұрақты түрде тегінмедициналық бетперде таратылуда.

– Карантиндежатқанымызға екі-үш күн болды. Ешқайда бармаймыз. Тәртіпбойынша сыртқа тек дәрі-дәрмек алу үшін ғана шығуға болады. Дүкенде азық-түлік жеткілікті.  Жұмысқа да баруды тоқтаттық. Ауырып қалғандарға жедел-жәрдем кіргізіледі. Басқа уақытта елді мекенменешқандай қарым-қатынас жоқ,-деді бүгін «Жас алаштың» тілшісімен телефонарқылы сөйлескен аталған елді мекен тұрғындарының бірі.

Айта кетері, Шымкентте коронавирус дертіанықталған алғашқы науқас-1996 жылы туған азамат 18 наурызда Нұр-Сұлтанқаласынан «Нұр-Сұлтан-Жетісай» бағытындағы автобуспен  келген. 20 наурызда түнгі уақытта ол 4 азамат болып Шымкент қаласындағы «Бекжан»автовокзалынан түскен. Үш жолаушы Түркістан қаласына қарай кеткен. Ал, науқастыңөзін әкесі көлігімен үйіне жеткізген. Қалған 47 жолаушы Жетісайға қарай сапарынжалғастырған.  Науқас 23 наурызға дейінүйінде өз бетінше ем қабылдап, кейін дене қызуымен, бас ауруымен, жөтелменжергілікті медициналық мекемеге барған.  Дәрігерлертексеру барысында коронавирус індетін оның  анасынан да анықтады.

Бүгінгі таңда, Нұр-Сұлтан-Шымкент қалалары менТүркістан облысындағы науқаспен байланыста болған барлық азаматтар оқшауландырылды.Бұған дейін Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев науқаспен автобуста біргекелгендерді дер кезінде анықтап берген полицейлердің жұмысына оң баға бергенболатын.

Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ,

Шымкент қаласы.

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз