Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:45, 29 Қараша 2024

Тбилисиде шерушілер қауіпсіздік күштерімен қақтығысты

1
Фото: AP

Грузияның қауіпсіздік күштері Тбилиси орталығында жиналған шерушілерге қарсы су атқыштар мен көзден жас ағызатын газ қолданды.

 Грузияның Ішкі істер министрлігі арнайы құралдарды қолдану туралы ескертіп, митинг «жиындар мен шерулер туралы заңның шеңберінен шығып кетті» деп мәлімдеді.

"Наразылық білдірушілер парламентке іргелес аумақтан қуылды. Кейбір наразылық білдірушілер Грузия парламенті алдындағы алаңға қайтпақшы. Гимназия маңына жиналған бірқатар наразылық білдірушілер баррикадалар орнатуға кірісті", деп хабарлайды Paper Kartuli Telegram арнасы. 

Грузия астанасының орталығында шеруге шыққандар мен полиция арасында анда-санда қақтығыстар болып тұрады. Грузия Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, наразылық білдірушілер тәртіп сақшыларына түрлі заттар лақтырып, салдарынан ІІМ-нің үш қызметкері жарақат алған. Олардың екеуі ауруханаға жатқызылды. Шерушілердің кейбірі дулығамен жабдықталса, кейбірі бетперде киген.

БАҚ шерушілердің жараланғанын және қамауға алынғанын хабарлады

Грузин журналистері наразылық білдірушілер көзден жас ағызатын газ бен бұрыш спрейін қолдану салдарынан жарақат алғанын хабарлады. Мтавари Архи «Өзгерістер коалициясы» жетекшілерінің бірі Елена Хоштарияның жараланғанын хабарлады.

Netgazeti хабарлауынша, басылым тілшісіне бұрыш спрейі қолданылған. Ол сондай-ақ зардап шеккен жеті шерушінің суреттерін жариялады.

TV Pirveli басшылығы оператор Нико Кокаямен болған оқиғаға Ішкі істер министрлігінің басшысы Вахтанг Гомелауриді жауапты деп санайды. Алдын ала болжам бойынша, ол төбелес кезінде басынан жарақат алып, көзден жас ағызатын газбен уланған.

Наразылық білдірушілерді күшпен қамауға алу туралы ақпарат бар.

Тегтер: