Тегеранда Хамас жетекшісінің өлтірілуіне байланысты наразылық шерулері өтіп жатыр
Мұсылман елдерінде Тегеранда Хамас жетекшісінің өлтірілуіне байланысты наразылық шерулері өтіп жатыр. Олар қанды шабуылға Израильді кінәлайды, деп жазады Euronews.
ХАМАС жетекшісі Исмаил Хания қаза тапқан Иран аумағына зымыранмен жасалған шабуылға ашуланған мыңдаған адам наразылық шеруіне шықты.
Тегеран кісі өлтірудің артында Израиль тұр деп есептейді. Сондай-ақ, Хамас таң атқанға дейін жалғасқан әуе шабуылын Израиль әскері үйлестірді деп мәлімдейді.
Мыңдаған палестиналық жаулап алынған Батыс жағалаудағы Рамалла арқылы наразылық шеруіне шықты. Мұндай акцияны Тегеран университетінде палестиналық студенттер ұйымдастырды. Олардың айтуынша, бұл шабуыл аймақтағы бейбітшілікке деген онсыз да әлсіз үміттерді жояды деген қаупі бар.
Ал, Ливанда дәстүрлі кеффие киген жүздеген демонстранттар Тирдегі әл-Бас палестиналық босқындар лагеріне жиналып, ХАМАСты қолдайтын ұрандар айтты.
Пәкістан астанасы Карачиде де жүздеген адам Ханияның өлтірілуін айыптап, «Мұсылмандар жеңеді» деп ұрандаған шеру өткізді.
Айта кетейік, Хамас саяси ұйымының басшысы Исмаил Хания сәрсенбі, шілденің 31-і күні Иран астанасы Тегерандағы резиденциясына жасалған әуе шабуылынан қаза тапты. 62 жастағы Исмаил Хания ондаған жылдар бойы ХАМАС-тың жетекші тұлғасы болып саналды. Соңғы жылдары ол Катарда жүргенде топтың Саяси бюросын басқарды.