Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:45, 06 Қыркүйек 2024

Тель-Авивте «Табыттар маршы» өтіп жатыр

а
Фото: Euronews

Тель-Авивте жүздеген израильдік Газада өлтірілген кепілге алынғандарды еске алу шеруіне жиналып, Хамастың әлі тірі тұтқындарын босатуды талап етті. Шерушілер өлгендерді бейнелейтін Израиль жалауларымен жабылған табыттарды көтеріп жүрді.

Шерушілер премьер-министр Биньямин Нетаньяхуды палестиналық содырлармен бейбіт келіссөздерді әдейі бұзды деп айыптайды.

Ол бұған дейін Израиль армиясы «Филадельфия дәлізінен» - Газа секторы мен Мысыр арасындағы шекара белдеуінен шықпайтынын айтқан және бұл Хамастың негізгі талаптарының бірі болған.

5 күн бұрын елде үкіметке қарсы демонстрациялардың жаңа толқыны басталды: Содан кейін Израиль әскері Газа секторынан 6 кепілге алынған адамның мәйітін тапты. Сарапшылардың айтуынша, олар әскерилер келуіне бірнеше сағат қалғанда өлтірілген.