Темекі және өкпе ауруы
31 мамыр –Дүниежүзілік темекіге қарсы күрес күні. Шылымқорлық – әлемдегі ең үлкен зияндыәдеттердің бірі.
Қазіргі таңда әлемдегі әр төртінші еркек пен әр жиырмасыншыәйел никотинге тәуелді саналады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы менкөптеген елдер оған күреске барынша күшін салып келеді. Өкінішке орай, темекімен сигара бағасын көтеру, темекі өнімдерін жарнамалауға тыйым салу, тіпті,қоғамдық орындарда шылым шегуді шектеу де әзірге оңды нәтиже бермей тұр.
Дүниежүзілік денсаулықсақтау ұйымы мәліметінше, жыл сайын әлемде 7 миллион адам темекі салдарынан көзжұмады. Соның 890 мыңға жуығы өзгелер шеккен шылымның түтініне уланғандар.Олардың арасында темекі өсіретін елдерде тұратын балалар да бар. Яғни, пассивтішылымқорлық та біз ойлағандай қауіпсіз емес. Ол жүрек-қан тамыры, жүректіңишемиялық ауруы, өкпе, өңеш, асқазан обыры сынды т.б. аурулардың бірден-бірсебепкері.
Ресми статистикағасүйенсек, Қазақстанда жыл сайын ауруханаға жататын тұрғындардың 68 пайызынемесе 2 миллионға жуық адам – шұғыл жағдайда жеткізілгендер. Былайша айтқанда,әрбір оныншы адам өміріне қауіп төнбейінше емдеу мекемелерінің табалдырығынанаттамайды деген сөз. Ал, өлім-жітім жағынан алғашқы орында тұрған жүрек-қантамыры аурулары, тыныс алу органдары аурулары мен қатерлі ісіктің қай-қайсысыда шылымқорлық салдарынан болатын дерттер.
Шын мәнінде, егерішкі органдарды жыл сайын тексеріп отыратын болса мұның алдын алуға болар еді,дейді мамандар. Темекі шегетіндер үшін жүрек пен өкпені тұрақты бақылаудаұстаудың маңызы зор. Оның үстіне, мемлекет халыққа жәрдем ретіндекепілдендірілген тегін медициналық көмек пакетін ұсынады. Аталған пакеткежалпы практика дәрігерінің қабылдауы мен консультациясы, көздің көру қабілетімен көз қысымын тексеру, қандағы холестерин, глюкоза деңгейін тексеру үшін қантапсыру, электрокардиограмма, флюорография, спирография сынды қызметтер кіреді.Организмде шылымның салдарынан болып жатқан өзгерістер мен ауытқуларды осыпроцедуралар арқылы ертерек анықтауға болады.
Мемлекеттік тапсырысшеңберінде көрсетілетін кепілдендірілген медициналық көмекті Қазақстандатұратын әр азамат пайдалана алады. Бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін көмекпрофилактикалық, диагностикалық және емдік қызметтерден тұрады.
2019 жылы денсаулық сақтау саласын қаржыландыруға қазынадан 972,7 млрдтеңге бөлінді. Оның 395,4 млрд теңгесі емханалық-амбулаторлық көмеккебағытталады, негізінен профилактикалық шараларға ден қойылмақ.
Оған қоса, тегін медициналық көмекті мемлекеттік қана емес, жеке меншікклиникалар да көрсетеді. Биыл мемлекеттік тапсырысты орындап жатқан 1403медицина ұйымының 701-і – жеке меншік. 2018 жылмен салыстырғанда олардың саны57-ге көбейген. Ал, мемлекеттік тапсырысты орындауға құлшыныс білдірген жекесубъектілердің саны жағынан Шымкент, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Қызылорда,Жамбыл облыстары көш бастап тұр.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының баспасөз қызметі