Әлеумет

Вадим Борейко «Гиперборей» YouTube-арнасының жұмысын уақытша тоқтатты

Қазақстандық журналист Вадим Борейко ұзақ мерзімді демалысқа шығатынын және өзінің «Гиперборей» YouTube-арнасының жұмысын уақытша тоқтататынын мәлімдеді. Биыл тамызда жобаға жеті жыл толған.

Вадим Борейко

Журналистің айтуынша, жоба жұмыс істеген жеті жыл ішінде ол бірде-бір рет толыққанды демалысқа шықпаған. Осы уақыт ішінде шаршағанын айтқан Борейко енді демалып, қордаланып қалған тұрмыстық шаруаларымен айналыспақ.

Сонымен қатар журналист Алматыдан кетуді жоспарлап отырған жоқ. Бұған себептердің бірі – құрылыс компаниясының өзіне қарсы түсірген талап-арызы бойынша азаматтық сот процесінің әлі жалғасып жатқаны.

Демалыс кезінде «Гиперборей» арнасында жаңа шығарылымдар жарияланбайды. Сондай-ақ жазылушылардың видеолары жарияланып келген Biz Birgemiz бағдарламасы да уақытша тоқтайды. Борейко көрермендерінен үзіліс үшін кешірім сұрады.

Дегенмен журналист қайырымдылық мақсатындағы қаражат жинауға қатысты видеоларды жариялауды жалғастырмақ. Емделуге және басқа да маңызды мақсаттарға көмек сұраған азаматтардың өтініштерін мүмкіндігінше әлеуметтік желілерінде бөлісетінін айтты.

Вадим Борейко «Гиперборейдің» тұрақты жұмысы нақты қашан қайта басталатынын әзірге айтқан жоқ.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз