Теміртауда тұрғын үйлер ауласында адамды өртеген
Теміртау қаласындағы «Витория» дүкенінің жанында, екі тұрғын үйдің ортасында белгісіз адам денесін қаскөйлер өртеп жіберген.
Куәгерлердің айтуынша, адам мәйітін мектеп жақпен түңгі үш шамаларында алып келіп, екі үйдің ортасында қылмысты жою мақсатында жаққан. Себебі, тірідей өртесе, қандай да бір дауысты естуіміз тиіс еді дейді тұрғындар.
«Мен адам сүйегін жинап жатқан полицейлерді көрдім. Мәйіттен дым қалмаған. Тек бөлшектеп сүйектерін салып алып кетті. Оттың қатты жанғаны сол жалып ағаштардыы да шарпып кеткен.Қылмыскерлер алдымен адамды өлтірген, кейін жаққан. Оқиға түңгі үште болғандықтан жалынды ешкім байқамаған», — дейді куәгер Раиса МОЛДАБЕКОВА.
Қарағанды облыстық ІІД баспасөз қызметі басшысы Жанатай СЕМБЕКОВТЫҢ мәлімдемесі бойынша, қылмыстық іс қозғалып, қазір оқиға орнында тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Аталған фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалыпты.Жан түршігерлік оқиғаға қатысты полицейлер оқиға болған маңдағы тұрғындардан сұрақ-жауап алып жатыр екен.
«Мен адам сүйегін жинап жатқан полицейлерді көрдім. Мәйіттен дым қалмаған. Тек бөлшектеп сүйектерін салып алып кетті. Оттың қатты жанғаны сол жалып ағаштардыы да шарпып кеткен.Қылмыскерлер алдымен адамды өлтірген, кейін жаққан. Оқиға түңгі үште болғандықтан жалынды ешкім байқамаған», — дейді куәгер Раиса МОЛДАБЕКОВА.
Қарағанды облыстық ІІД баспасөз қызметі басшысы Жанатай СЕМБЕКОВТЫҢ мәлімдемесі бойынша, қылмыстық іс қозғалып, қазір оқиға орнында тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Аталған фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалыпты.Жан түршігерлік оқиғаға қатысты полицейлер оқиға болған маңдағы тұрғындардан сұрақ-жауап алып жатыр екен.Фотолар автордікі.
МАТЕРИАЛДЫ РЕДАКЦИЯНЫҢ РҰҚСАТЫНСЫЗ КӨШІРІП БАСУҒА БОЛМАЙДЫ.