Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:10, 23 Ақпан 2024

"Тергеушілер ұлымды жасырын жерлемек" – Навальныйдың анасы 

Ресейдік саясаткер Алексей Навальный Ямало-Ненецтегі №3 түзеу мекемесінде қайтыс болды.
Фото:

Ресей түрмесінде қаза болған оппозиционер Алексей Навальныйдың анасы 22 ақпанда видео үндеу жолдап, тергеушілердің шарт қойып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zhasalash.kz.

– Заң бойынша, олар маған Алексейдің мәйітін беру керек еді, бірақ әлі бермеді. Оның орнына шантаж жасап, Алексейді жерлеу уақыты, орнына қатысты шарт қойып отыр. Бұл заңсыз… Олар жерлеу рәсімі құпия болғанын қалайды. Олар мені зират басына апарып, «мына жерде ұлыңыз жатыр» дегісі келеді. Мен келіспеймін. Мен және Алексейді құрметтеген, оның қазасына қайғырған бәріңіздің онымен қоштасуға мүмкіндіктеріңіз болғанын қалаймын, деді ол.

Сондай-ақ ол «тергеушілер құпия жерлеуге келіспесем Алексейдің мәйітімен бірдеңе істейміз деп қорқытқандықтан осы видеомәлімдемені жазып отырмын» деп мәлімдеді.

Ал Ресейдегі жазаны өтеуді қадағалайтын орган Навальныйдың Ямал-Ненецтегі түрмеде көз жұмғанын мәлімдеген. Туыстары мен адвокаттары оның сүйегін әлі ала алмай жүр. Тергеушілер оның сүйегін анасы мен адвокаттарына да көрсетпей келген.

Бұған дейін Ресей органдары «Навальныйдың мәйітіне 14 күн химиялық сараптама жүргізілетінін» айтқан.