Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:48, 16 Қаңтар 2024

The Best-2023: Месси – жылдың үздік ойыншысы атанды

үздік ойыншы
Фото: из открытых источников

Аргентина ұлттық құрамасы мен "Интер Майами" командасының шабуылшысы Лионель Месси Халықаралық футбол қауымдастықтары одағы (FIFA) дайындаған The Best марапатына ие болды. Ол бұл атаққа үшінші рет қол жеткізді. Сонымен қатар Лондонда ФИФА бірқатар номинациялар бойынша 2023 жылдың үздік спортшыларын марапаттады, деп хабарлайды Zhasalash.kz.

35 жастағы Месси жүлде үшін күресте Эрлинг Холланд ("Манчестер Сити"/Норвегия) мен Килиан Мбаппені ("ПСЖ"/Франция) басып озды.

Барлық номинациялар бойынша жеңімпаздар:

Үздік ойыншы – Лионель Месси (ПСЖ, Интер Майами/Аргентина);

Үздік әйел ойыншы — Айтана Бонмати (Барселона/Испания)

Үздік бапкер – Хосеп Гвардиола ("Манчестер Сити" / Испания);

Үздік әйелдер бапкері – Сарина Вигман (Англия құрамасы)

Үздік қақпашы – Эдерсон ("Манчестер Сити" / Бразилия);

Үздік әйел қақпашы - Мари Эрпс (Манчестер Юнайтед / Англия)

Ең әдемі голдың авторы - Гильермо Мадруга ("Ботафого" / Бразилия);

Fair Play жүлдесі - Бразилия құрамасы

"Үздік жанкүйер" — Уго Даниэль ("Колон Санта Фе" / Аргентина)

Символдық команда 3-3-4 схемасында пайда болды:

Қақпашы: Тибо Куртуа ("Реал" / Бельгия);

Қорғаушылар: Кайл Уокер ("Манчестер Сити" / Англия), Джон Стоунз ("Манчестер Сити" / Англия), Рубен Диас ("Манчестер Сити" / Португалия);

Шабуылшылар: Килиан Мбаппе ("ПСЖ"/Франция), Винисиус Жуниор ("Реал"/Бразилия), Эрлинг Холланд ("Манчестер Сити"/Норвегия), Лионель Месси ("ПСЖ", "Интер Майами"/Аргентина).