Қоғам

TikTok-та балағат сөз айтқан әйелге айыппұл салынды

Шахтинск қаласының тұрғыны TikTok әлеуметтік желісіндегі тікелей эфир кезінде балағат сөздер айтып, әдепсіз қимылдар көрсеткені үшін жауапқа тартылды.

тик ток

Полиция әлеуметтік желіде жарияланған эфирге назар аударып, әйелді полиция бөліміне жеткізген. Оған Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 456-2-бабы 3-1-бөлігі бойынша, яғни құқыққа қайшы контентті орналастыру және тарату фактісі бойынша іс қозғалған.

Шахтинск қалалық соты істі қарап, тұрғынға 86 500 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салды. Сот мәліметінше, әйелдің кінәсі өз кінәсін мойындаған түсініктемелерімен және іс материалдарымен дәлелденген.

Айта кетейік, сот қаулысы әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз