Тілдің қолданыстан шығуы – жоғалудың басты белгісі
– Соңғы уақытта әлеуметтік желіде қазақ тілінің мәселесіжиі көтеріліп жүр. Айтылып, жазылып қана қоймай, нақты іс-шаралардыұйымдастыруды қолға алғандар да табылып жатыр.
Қазыбек Иса бастаған азаматтар100 мыңнан астам қол жинап та үлгерді. Сонымен қоса, бұған қарсы топ «орыстілін екінші мемлекеттік тіл жасауға» үндеп, олар да қол жинауға кірісті. Бұл қозғалыстарнені білдіреді?
– Бұл қазақ тілімәселесінің шегіне жете бастағанын көрсетеді. Қазір мемлекеттік тіл мәртебесіналған қазақ тілінің жағдайын айтудың, жылаудың, зарлаудың, ең бастысы,дәлелдеудің қажеті жоқ. Бәрі көз алдымызда. Енді азаматтар осы мәселені шешудіңжолын іздеуге кірісті. Біреулері (Руза Бейсенбайтегі, Оғыз Доған, Қуат Ахметовт.б.) соттасуға кіріссе, Қазыбек Исалар билікке халықтың талабын петициятүрінде ұсынбақшы. Мен, есіңізде болса, қазақтілділерге Балтық елдерініңтәсілін қолдануды ұсындым. Айта кету керек, бұл бөлініс емес, мен петицияға қолқоюды да қолдаймын, соттасуға да баруға дайынмын. Бұл – қазақ тілін тірілтудің,оған қажеттілік жасаудың түрлі жолдарын қолдану ғана. Ал «орыс тілін екіншімемлекеттік тіл жасау керек» деген мәселені көтеріп жүргендер өздерінің күндеріөтіп бара жатқанын жақсы біліп, балаққа жабысып қалайық деген жандар. Еңқызығы, бұлар «екінші мемлекеттік тіл» дегеннің өмірдегі көрінісін, нақты құзыретінбілмейтін, әйтеуір, «орыс тілі болсын» дегендер. Егер «қостілді» мемлекет болукерек десе, өкінішке қарай, қазір біз дәл «қостілді» (құрбақа сияқты) елміз.Заңымызда қостілділік жоқ, бірақ өмірде, болмысымызда, ең қорқыныштысы –мемлекеттің барлық іс-әрекетінде бар.
– Билік ресми мәліметтерді алдымызға жайып салып, «қазақтілін білетіндер 83 пайыз болды», соншама қазақ тіліндегі мектептер бар,балабақшалар т.т. бар дейді. Мына жақта «тіліміз құрып бара жатыр» деп,қазақтілділер дабыл қағып аттандап жатыр. Сонда қалай болғаны?
– Халық бір нәрсенітүсіне бастаған сияқты. Әңгіме «қазақ тілін меңгерген адамдардың» санынданемесе мектептердің, балабақшалардың санында емес, сол 83 пайыз адамның қайтілде қарым-қатынас жасап, қай тілді қолдануында жатыр. Егер сен жұмыс істейтінмекемеде барлық ісқағаздары орыс тілінде болса, асхана мен ресторандардың асмәзірінде бір ауыз қазақ сөзі кездеспесе, парламент пен үкімет орыс тіліндесөйлесе, сенің қазақ тілін білгеніңнен не пайда? Мәселе тілдің қолданылуындажатыр. Тілдің қолданыстан шығуы – оның жоғалуының басты белгісі. Еңқорқыныштысы – облыстардан қазақ тіліндегі ортадан, қазақтілді мектепті бітіріпкелген қазақ жастары қалаға келгенде орыс тілін қолдануға, демек, үйренуге мәжбүрболады. Кешегі әлеуметтік желідегі республиканың бас санитарының, министрдіңорынбасарының, мәдениет басқармасы басшысының мыңқылдап тұрғанын көргендекөпшілігімізді күлкіден гөрі ашу-ыза кернеді. Ал жастар «егер қазақ тілінде екіауыз сөздің басын қоса алмайтын жандар басшылықта отырса, ол тілді үйренудің қажеттілігіқанша» дейді. Байқайсыз ба, жаңағы мемлекеттік тілді білмейтіндер өздерінің солбілместіктерін кемшілік, ұят, намыссыздық деп санамайды. Олардың мыңқылдағанынкөріп, мына жақта отырып біз ұяламыз. Демек, қоғамда мемлекеттік тілге дегенекі түрлі көзқарас қалыптасып келеді. Қоғам екіге жарылып бара жатыр. Бұл–жақсылық емес, аса үлкен қауіп.
– Жоғарыдағы қимыл-қозғалыстар нәтиже береді деп ойлайсызба?
– Жекеазаматтар немесе ұйымдар осындай іс-шаралармен қоғамда көзқарас қалыптастырады.Оны егер биліктегілердің ақылдары болса, назарға алмауы мүмкін емес. Әрбірқоғамдық мәселенің пайда болуы, дамуы, шарықтау шегі болады. Бүгінгі қазақтілін қолдап қол қойған жүз мыңдаған азаматтың ертең парламент пен үкіметтіңалдына бармасына кім кепіл?! Бұлардың соңынан қол қоюға ерінген не сайтқа енеалмаған, бірақ қазақ тілінің мүсәпір жағдайын күнде көріп жүрген миллион адамермейді деп кім айта алады?
Мені билік тарапының үнсіздігі қорқытады. Мемлекеттіктілді қоғамның барлық саласында сайратып қоятын тетіктер жеткілікті. Ең болмасажемқорлықпен ұсталған қызметкер үшін оның басшысы жауап береді деген сияқты«мемлекеттік тілді білмейтін министр қызметінен кетеді» деген заң енгізілсе,қазақ тілінің дамуына тұсау болып отырған шенеуніктердің екі аяғы бір етікке тығылареді. Жемқорлық – үлкен қылмыс, бұл халықтың ақшасын ұрлау деген сөз. Ал қазақтілін білмейтін мемлекеттік қызметкерлер біздің сан ғасырлар бойы келе жатқанарман-мақсатымызды ұрлаушылар, болашағымызды бұзушылар, ұлтын сыйламаушылар емеспе?!
– Әңгімеңізге рақмет.
Сұхбаттасқан Күлтегін БЕК,
«Жас Алаш»