Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 15:16

Тимур Құлыбаев Қазақстан бас прокуратурасын сотқа берді

Құлыбаев
Фото: из открытых источников

Олигарх және Қазақстанның ең бай азаматтарының бірі – Тимур Құлыбаев Бас прокуратураның активтерді қайтару жөніндегі комитетін сотқа берді.

 ҚазТАГ мәліметінше, іс судьяға тапсырылып, апелляциялық инстанцияда қаралып жатыр. Басқа мәліметтер айтылмаған.

«Талапкер: «Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының Активтерді қайтару комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі. Жауапкер: Кулибаев Тимур Асқарович», – дейді 18 қарашада басталған процестің бөлігінде.

Басылым атап өткендей, әзірге іс бойынша басқа мәліметтер жоқ.

Бұған дейін хабарланғандай, миллиардер Тимур Құлыбаевтың компаниясы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың мемлекет меншігіне қайтарылған жерлері бойынша Алматы әкімдігіне 34 миллиард теңге талап қоюды жоспарлап отыр.

Айта кетейік, биылғы әлемдік Forbes рейтингіндегі ең бай қазақстандықтардың тізімін Тимур мен Динара Құлыбаевтар бастады. Олар әлемдегі ең бай адамдар рейтингінде 623-орында. 2024 жылы Назарбаевтың қызы мен күйеу баласының байлығы 4,6 миллиард долларға бағаланған. Екеуінің дәулеті бір жыл ішінде 35 млн долларға артқан. Ал Қазақстан миллиардерлері арасында былтырғы рейтингі өзгермей, 2-орынды иеленген.

Назарбаевтың ортаншы қызы күйеуі Тимур Құлыбаев екеуі «Almex Holding Group» АҚ арқылы Лондон қор биржасында (LSE) сатылатын «Халық банкінің» (Қазақстан Халық Банкі АҚ) 69,52% акциясына иелік етеді. 2024 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша «Халық банктің» активтері 15,09 трлн теңге, меншікті капиталы – 2,5 трлн теңге болған. Өткен жылы банк жай акциялар бойынша 276,5 млрд теңге дивиденд төлеген. 2024 жылғы алғашқы тоқсанындағы пайдасы 178 млрд теңге. Былтырғы ақша айналымы 6 133 351 148 947 теңге, төлеген салығы 116 530 671 830 теңге. Жалпы салығы – 607 354 376 287 теңге. Мемлекеттен 2016 жылдан бері 9432 келісімшарт алып орындаған, оның 3602-сін тікелей бір көзден алған.

Құлыбаевтар иелік ететін Қазақстан Халық банкі АҚ-ның 14 компанияға қатысы бар. Оның ішінде АҚ Altyn Bank-тің 40% үлесін иеленген.

2024 жылдың көктемінде Тимур Құлыбаев Бас прокуратураның активтерді қайтару комитетіне қарсы бірнеше талап арыз берген еді. Сәуір айында Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы олигархтың үш талабын да қанағаттандырмады.