спорт

Тоқаев Азия чемпиондары болған қазақстандық боксшы қыздарды құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Азия чемпионатында табысты өнер көрсеткен қазақстандық спортшыларды құттықтады.

1

Президент Азия чемпионы атанған Дина Исламбекова мен Надежда Рябецке арнайы құттықтау жолдап, олардың жоғары шеберлігі, жеңіске деген жігері мен отансүйгіштігін атап өтті.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы ұлттық құраманың барлық мүшесіне алдағы әлем чемпионаттары мен Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарында жаңа жеңістер тіледі.

Азия чемпионаты 9 сәуір күні Моңғолия астанасы Ұлан-Баторда аяқталды. Турнир қорытындысы бойынша Қазақстанның әйелдер құрамасы жалпы медаль есебінде екінші орын алды.

Қазақстандық спортшылар барлығы бес медаль жеңіп алды:

  • 2 алтын — Дина Исламбекова, Надежда Рябец

  • 1 күміс — Бақыт Сейдіш

  • 2 қола — Айгерім Саттыбаева, Валентина Хальзова

Бірінші орынды Үндістан құрамасы иеленді (4 алтын, 2 күміс, 4 қола), ал үшінші орын Қытай спортшыларына бұйырды.

Жалпы турнирге Азияның тоғыз елінен спортшылар қатысты.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз