Тоқаев «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қатысты
2026 жылғы 25 сәуірде Астанада Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына қатысты.
Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі хабарлады.
Мәліметке сәйкес, Мемлекет басшысы ел көлемінде өтіп жатқан экологиялық бастамаға қатысып, табиғатты қорғау мен қоршаған ортаны жақсартуға бағытталған іс-шараны қолдады.
Сондай-ақ Президент экоактивистермен бірге елордадағы «Самал» саябағында ағаш отырғызды.