Саясат

Тоқаев ішкі істер министрінің орынбасарын тағайындады

Ержан Сәденов Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Тоқаев ішкі істер министрінің орынбасарын тағайындады

Бұл туралы Ақорданың ресми сайтынан мәлім болды.

“Мемлекет басшысының өкімімен Ержан Сапарбекұлы Сәденов Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды”, – делінген жарлықта. 

Ол бұған дейін Нұр-Сұлтан полиция департаментінің басшысы қызметін атқарған. 

Сондай-ақ президент өкімімен Арыстанғани Заппаров ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды.

Тегтер: Без Тега
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз