Саясат

Тоқаев қол қойды. Жемқорлық енді жойыла ма?

ПрезидентҚасым-Жомарт Тоқаев өзгертулер мен толықтырулар енгізілген «мемлекеттікқызметкерлер және жемқорлықпен күрес» жөніндегі заңға қол қойды.

Тоқаев қол қойды. Жемқорлық енді жойыла ма?

Жаңа заңбойынша, бұдан былай басшылық қызметте отырған шенді қарамағындағы адамжемқорлық бабымен ұсталып, істі болатын болса, автоматты түрде отставкаға кетуітиіс. Аталмыш заңға байланысты бүгін біз сарапшылар пікірін білуді жөн көрдік.

Саясаттанушы ЕрланСАИРОВТЫҢ сөзінше, Қазақстанда жемқорлықпен күрес элита аралық, топ аралықтартыстарға айналып кетеді. Бірақ президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ қол қойған заңминистрліктер мен әкімшіліктерде белгілі бір тәртіп орнатуға септігін тигізеді.

«Бұл заң министрліктер мен әкімшіліктерде белгілі біртәртіптің орнауына алып келері анық. Бірақ бізде жемқорлықпен күрестің өзі белгілібір ресурстар үшін элита аралық, топтар аралық күрес болып кетеді. ШетелдеҚазақстанның фемидасының құрығынан тыс жарты триллионға жуық доллар жүр. Сондықтанбізге концепцияны өзгерту керек. Қазір ұлттық байлықтың көбісі шетелге шығыпкеткен. Бізге соны қайтарудың амалын жасау керек. Жалпы, біз биліктің кейбіршешімдері «орындала ма, орындалмай ма» деп отырамыз. Негізі жарлықтың орындалу,орындалмауы қоғамға да байланысты. Ол жүзеге асу үшін қоғам да ат салысуы керек», — деді Саиров.

Саясаткер БалташТҰРСЫМБАЕВТЫҢ айтуынша, бұндай заң бұған дейін де болған. Бірақ Қазақстанда кімне істегісі келсе, соны істейді. Сол себепті оның орындалуы екіталай.

«Ондай заң болған. Бірақ ол заңды ешкім қолданған да жоқ,орындаған да жоқ. Қазақстанда кім не істегісі келсе, соны істейді. Ертең заңдыорындап жатырмыз деп, басшылардың біреуін шығаруы мүмкін. Бұл заңқабылданғанымен орындалмайды. Халықтың көңілін бөліп, міне жаңа президент заңғақол қойды деп айту ғана», — деді саясаткер.

Саясаттанушы ДосКӨШІМНІҢ пікірінше, жемқорлыққа қарсы заң енгізудің өзі (биліктегі адамдардың -ред) рухани, мәдени кемшіліктерініңкөрсеткіші. Себебі бұндай заң өркениетті елдерде сирек кездеседі.

«Егер өркениетті елдерді алатын болсақ, онда бұндайзаңдар өте сирек кездеседі. Бірақ олардың моральдық міндеттемелері бар жәнетәрбиесі мүлде бөлек. Олар да (жемқорлықфактісі болса – ред)өздері арыз беріп кетеді. Өзінің қарамағындағыларғажауап беру, бұл тәрбиеден, дәстүрден туатын нәрсе. Егер ондай дәрежеге жетпесе,онда амал жоқ жаңағы заңды кіргізуге тура келеді. Негізі, бұл заң емес, адамныңөзінің моральдық тұрғыдағы ұстанымы болу керек еді. Бізде өкінішке орай ондайдеңгейдегі басшылар жоқ. Мен үшін заң енгізу, біздің рухани, мәденикемшілігіміздің көрсеткіші сияқты. Сол себепті бізге бұндай заң керек. Бұл біржағынан қызық. Қазір ұсталып жатқандар көп қой. Енді «министрлерімізді ай сайынауыстырып тұрамыз ба» деген күлкілі жағдайлар да болуы мүмкін», — деді Көшім.

Фото: Ақорда баспасөз қызметі

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз