Саясат

Тоқаев ресми сапармен Ресейге барды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путиннің шақыруымен Ресей Федерациясына ресми сапармен барды, деп хабарлайды Жас Алаш Ақордаға сілтеме жасап.

Тоқаев ресми сапармен Ресейге барды

Мемлекет басшысы ертең Мәскеуде Ресей Президентімен келіссөз жүргізеді. Сондай-ақ екі елдің басшылары Қазақстан мен Ресейдің Өңіраралық ынтымақтастық форумының жұмысына бейнебайланыс режимінде қатысады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты Мәскеудегі «Внуково-2» әуежайында ресми қарсы алу рәсімі өтті.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Ресей мен Францияға баратыны туралы айтылған болатын.

Тегтер: Без Тега
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз