Тоқаев: Тұңғыш президентті халық сынайды
Президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ «Неміс толқыны» ақпаратагенттігіндегі «Немцова.Интервью» бағдарламасына сұхбат берді.
Сұхбат барысында мемлекет басшысы қос билік, Астананыңатын ауыстыру, Украина мәселесі және Қытайдағы саяси лагерлер төңірегіндегісұрақтарға жауап берген. Осыған байланысты біз сұхбаттың ең маңызды дегентұстарын аударып беруді жөн көрдік.
Жанна НЕМЦОВА: Сізбиыл Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ мерзімінен бұрын қызметінен кеткеннен кейін президентболып сайландыңыз. Бұны 2008 жылы Ресейде болған билік ауысуымен салыстыруда. Олкезде Дмитрий Медведев президент болса да, барлық билік Владимир Путинніңқолында болды. Бұл салыстыру қаншалықты дұрыс?
Қасым-ЖомартТОҚАЕВ: Маған Ресейдегі билік ауысуы туралы бір нәрсе айту өте қиын. Себебі ол мүлдебасқа мемлекет. Ал, Қазақстан жайында айтатын болсақ, бұл жерде саяси инновацияжүзеге асты деп айтуға болады. Нұрсұлтан Назарбаев қазақ тілінде айтқандаелбасы. Мен болсам, заңды сайланған президент, мемлекет басшысы, жоғарықолбасымын. Біздің арамызда ешқандай келіспеушілік жоқ. Біз бір-бірімізбенақылдасамыз. Кейде мен кеңес сұраймын. Бұл жерде қос биліктік жоқ. Тек заңдысайланған президент қана бар.
ЖаннаНЕМЦОВА: Құрметті президент, Астана атауын Нұр-Сұлтанға ауыстыру сіздіңбастамаңыз ғой? Мен ұшып келген әуежай, басты алаңдағы ескерткіш НұрсұлтанНазарбаевқа арналған. Бұл жеке басқа табыну емес пе?
Қасым-ЖомартТОҚАЕВ: Мен бұнымен келіспеймін. Шолоховтан «жеке басқа табыну болды ма?» депсұрағанда ол: «жеке тұлға болды ғой» деп жауап берген сияқты, НұрсұлтанНазарбаев та тарихи тұлға.
ЖаннаНЕМЦОВА: Тұңғыш президентті сынауға бола ма?
Қасым-ЖомартТОҚАЕВ: Қазақстан халқы тұңғыш президентті сынайды. Оны тоқтату мүмкін емес.Себебі әлеуметтік желі, ғаламтор жұмыс істеп тұр. Жалпы, интернет біздіңөмірімізді төңкеріп тастады.
ЖаннаНЕМЦОВА: Қазақстан үкіметі Украинадағы жағдайдан, Қырым аннекциясы мен соғыстанқорықты ма?
Қасым-ЖомартТОҚАЕВ: Біріншіден, біз Қырымда болған жағдайды аннекция деп айтпаймыз. БұлҚырымға қарата айтылған өте ауыр сөз. Екіншіден, сіз айтқандай, қорқыныш болғанжоқ. Себебі біз Ресей Федерациясымен достық қарым-қатынастамыз. Бастапқыда бізРесей билігінің даналығына сендік. Минск келісімі Нұрсұлтан Назарбаевтыңбастамасы бойынша жүзеге асқандығын ескерткім келеді. Бірақ ол кісі Астананыұсынды. Кейіннен логистика мәселесіне байланысты Минск таңдалды. Қазір Минсккелісімі жалғыз заңдық құжат деп айтуға болады.
ЖаннаНЕМЦОВА: Сіздердің Қытайдың Шыңжаң ауданымен ортақ шекараларыңыз бар. КөптегенБАҚ өкілдері ол жерде ислам дінін ұстанатын этникалық қазақтар мен ұйғырларды қайтатәрбиелейтін саяси лагерлер бар дейді. Қытай билігімен аталмыш мәселегебайланысты қандай да бір келіссөздер бар ма?
Қасым-ЖомартТОҚАЕВ: Біріншіден, Шыңжаңда Қытай Халық Республикасының азаматтары тұрады.Көптеген халықаралық құқық қорғаушы ұйымдар таратып жатқан ақпараттар шындыққажанаспайды. Этникалық қазақтар маңында осындай әдейі даурықтыру дүниелері жүріпжатыр. Біз бұның барлығы сауда соғысында қақтығысып жатқан Қытай мен АҚШарасындағы геосаясаттың бір бөлшегі екендігін түсінеміз. Келіссөздердің қалайаяқталатынын, Қытайға санынған санкциялардың қашан алынып тасталатынын уақыткөрсетеді. Бірақ Қазақстан әлемдік антиқытайлық фронттың аумағы болмауы тиіс.
Фото: Ақорда баспасөз қызметі