Тоқаев: Жаһандық рецессия бұдан да ауыр болуы мүмкін
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялықэкономикалық кеңесінің отырысына қатысып жатыр.
Бұл кеңес бейнеконференция форматында өтуде.
Конференциябарысында «Бүгінде әлемде күрделі жағдай қалыптасып отыр. Пандемия көптеген елдіңқоғамдық, экономикалық өмірін тоқырауға ұшыратты. Біз ОПЕК + шеңберіндегіөндірісті келісілген көлемде төмендету және энергетикалық нарықтағытепе-теңдікті қалпына келтіру туралы келісімді қолдаймыз», — деді Тоқаев.
Твиттердегі Ақорданыңбаспасөз қызметі Мемлекет басшысының Ресейдің осы келісім бойынша жетістіккежету жолындағы күш-жігерін жоғары бағалайтынын атап өткенін жеткізді.
Президенттің айтуынша, Қазақстанкеліссөздерге байқаушы ретінде қатысып, өндірісті айтарлықтай қысқартуғакелісіп, оған өз үлесін қосты.
Сарапшылардың пікірінше, 2020 жылы әлемдік ЖІӨ көлемі 2% -дан астамғатөмендеуі мүмкін. Сонымен бірге АҚШ-тың ЖІӨ-сі 3,3%-ке және Еуропалық одақтікі4,2% төмендейді. Қытай экономикасының өсімі 2% маңында болады деп болжануда,яғни құлдырау шамамен 4% болады.
«Мемлекет тарапынанжігерлі іс-қимылдар қабылданбай, жаһандық рецессия бұдан да терең және ауыржүруі мүмкін екені анық. Сондықтан көптеген елдер өз экономикасы мен азаматтарын қолдау үшін коронавирустыңтаралуына қарсы тұру үшін батыл шаралар қабылдауда», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.