Тоқаевқа ең аз дауыс берген облыстың әкімі орнынан кетті
Қасым-ЖомартТОҚАЕВҚА Қазақстан аймақтары бойынша ең аздауыс берген Маңғыстау облысының әкімі ауысты.
Мемлекет басшысының жарлығыменМаңғыстау облысының әкімі Ералы ТОҒЖАНОВ қызметінен босап, орнына Серікбай ТҰРЫМОВ тағайындалды. Ал қызметінен түсіп қалғанбұрынғы әкім Ералы Тоғжановтың әзірге қайда баратыны белгісіз.
Орталықсайлау комиссиясының мәліметіне қарағанда, Қ.Тоқаев ең аз дауысты Маңғыстауоблысы (55,52%) мен Нұр-Сұлтан қаласы (59,19%) жинаған. Қалған аймақтарТоқаевқа 70 пайызға жуық немесе одан асырып дауыс берген. Халқы сайлауға ең азқатысқан, билікке қарсы акциялары жиі өтетін Алматының өзінде Тоқаев 66,73пайыз дауыс жинапты.
СерікбайӨТЕЛГЕНҰЛЫ 1964 жылы Маңғыстау облысында дүниеге келген. Әр жылдары Түпқарағанауданы, Жаңаөзен мен Ақтау қалаларының әкімі, Маңғыстау облысы әкімініңорынбасары болып қызмет еткен.
Фото: mangystau.gov.kz