«Тоқаевтың қолындағы сақина - неке жүзігі емес»
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫҢ қолындағы сақина — неке жүзігі емес. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен АБАЕВ айтты.
Министр Абаев қоғамтарапынан қызу талқыланған мәселеге қатысты Хабар агенттігіне берген сұхбатындаайтты. Естеріңізге сала кетейік, 20 наурыз күні ҚР Президенті қызметінекіріскен Қасым-Жомарт КЕМЕЛҰЛЫНЫҢ өмірбаяны Ақордасайтына жарияланған еді. Ол жерде президент міндетін атқарушы саясаткердіңажырасқаны туралы жазылған.
Алайда, Qaznet қолданушыларыәлеуметтік желілерде Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолындағы сақинасын қызу талқылағанболатын. Қазақстанның бірінші ханымы кім деген сауалдар да ортаға тасталғанеді. Министр Абаев өз сұхбатында көпшіліктің сұрағына жауап беріпті.
«Мен ол әңгімелерді естідім. Менің білуімшекөпшіліктің ауызында жүрген сақина неке жүзігі емес. Ол Қасым-ЖомартКемелұлының мерейлік жасына сыйланған естелік сыйлық. Президент екінші ретотбасын құрған жоқ», — деді Дәурен ӘСКЕРБЕКҰЛЫ.
Фото: facebook.com