COVID-19

Тоқшылық па, әлде жоқшылық па, карантинде халық неге босып жүр?

Карантиндеотырғанымызға 40 күндей уақыт болды. Індетті жұқтырушылардың саны азаяр емес.

Тоқшылық па, әлде жоқшылық па, карантинде халық неге босып жүр?

Тіпті дәрігерлеріміз жаппай жұқтырып, аурухананың өзі вирусты жұқтыру ошағынаайналуда. Онсыз да айлығы шайлығына әзер жетіп жүрген жұртшылық жұмыссыз қалғансоң, мемлекет тарапынан берілген 42 500 теңгесі жұмырына жұқ болмауда.

 Коронавирустанбұрын, аштан өлуден қорыққан талай жан еріксіз үйден шыға бастағандай. Сондықтанөзім тұратын ауылдан бұрынғыдай емес, халықтың ерсілі-қарсылы жүрісін жиібайқай бастағандықтан, үйден шығып, журналистік қызығушылықпен айналаны шолыпшығуды жөн көрдім.

 Айтқанымдай-ақ,үйден шыға сала көшеде жүйткіп жүрген көп таксидің біріне қолымды көтергенімсол еді, тоқтай қалды. Бетінде медициналық маскасы, қолында арнайы қолғабы жоқтаксист өзім тұратын Абай ауылының шығаберіс жолына қойылған блок-бекетке дейінжеткізіп, кері қарай адам алып қайтуға өзінің кезегін күтіп, көлеңкеде отырғанон шақты таксиске барып қосылды.

                     «Асыл Арманның» халқыкарантиннен бейхабар секілді

    Райымбеккөшесінің қарсы бетіне жаяу өтіп, «Асыл Арман» тұрғын үй кешеніне бару үшінтағы такси тоқтаттым. Азық-түлік тасыған жүк көліктері ғана емес, қаладанқайтқан жеңіл көліктердің де баршылық екенін байқап, тоқтаған таксисті сөзгетарттым.  «Қаладан келесіз бе, блок-бекеттенөткізіп жатыр ма» деген сауалыма тағы да маскасы жоқ көлік жүргізушісі «қаладанкеле жатырмын, өттік қой, әйтеуір» деп қысқа қайырды. «Асыл Арман» кешенінентүсіп қалдым. Жиырма мыңнан астам тұрғыны бар тұрғын үй кешені тұрғындарының осыайдың басында екі апта оқшауланып, карантинде жатқаны естен шыққандай. Тұрғынүй кешенінің алдындағы азық-түлік базарында адам қарасы қалың, ауладаата-аналар балаларын емін-еркін ойнатып жүр. Тіпті балалар өзара ойнап, аналарыбірігіп алып, өзара ортақ әңгімеге тақырып тапқан. Тұрғын үй кешенінің алдындакәуәпхана жұмыс істеп тұр, азық-түлік базарындағы дәнді дақылдардың беті ашықсатылып жатқанына ренжігенім бекер екен, кәуаптың қасында самса мен бәліштер дебеті ашық саудаланып жатыр. Тек «Сабыржан» көтерме сауда дүкені ғанатұрғындарды дүкен ішіне кіргізбей, есіктегі алақандай тесіктен сауда жасапжатыр. Базардағы саудагерлердің де, тұтынушылардың да өзара арақашықтық сақтапнемесе маска тағып, қолғаппен жұмыс істеп жатқаны жоқтың қасы. 21 үй, 5 мыңнанаса пәтер бар, 20 мыңнан астам халық тығыз орналасқан тұрғын үй кешенінің халқыкарантиннен мүлдем бейхабардай әсер алдым.

                         «Алтын орданы» дакарантин айналып өткендей...

     Үйімежақын жердегі халық жиі шоғырланатын екінші жерге ат басын бұрдым.Ауылдастардың ортақ чатынан базардың карантин басталғалы бір күн де тоқтамайжұмыс істеп жатқанын, тұрғындардың базарға емін-еркін барып-келіп жатқанын жиіестігендіктен, көпшілік кіріп-шығып жүрген базардың артқы жағындағы Іргеліауылынан кіруді жөн көрдім. Мен тоқтатқан таксист те ол жолды білетінін  айтып, маған дейін бірнеше адамды әкелгенінайтып, тез-ақ жеткізді. Ауылдың бір көшесінің екі жағы қаз қатар тізілген, базарғакелген көлікке толып қалыпты. Базардың кірер аузында екі полиция қызметкеріхалықты кіргізбей жатқанын айтып тоқтатты. «Онда мына көліктер не істеп тұр» дегенсұрағым жауапсыз қалды. Сол маңда жүргендер базардың алдынан кіргізіп жатқанынайтты. Тағы такси тоқтатып, базардың алдыңғы қақпасына жеткізуін сұрадым. Бұлтаксистің де еш қорғанбағанына ренжіп, «қаншама адам мінеді көлігіңізге, еңболмаса өзіңіз үшін маска кисеңіз қайтеді» деген ренішіме «Бір маска бірнешесағаттан артық жарамайды екен, бәрібір бірнешеуін қатар ауыстырып киетін шамамжоқ, одан да ол ақшаға бала-шағаға бір нәрсе апарып берейін, қала жабылғалытаксистік табыс жоғалды. Қанша рет өтініш тастасам да, 42 500 теңгешықпады. Қайта пәтер иесі пәтерақымды осы айға кешірді. Сондықтан қолыматүскенді ішіп-жемге тасимын. Бір ұлым, егіз қыздарым бар. Әйелім солардыңкүтімімен айналысып үйде отыр.  Карантинбасталғалы осы базарға келген-кеткендерді тасып, нәпақамды айырып  жүрмін», – деді.

 Айтарғасөз таппай, базардың алдыңғы қақпасынан түсіп қалдым. Блок-бекеттің жанынанағылған жұрт базарға емін-еркін, жаяу кіріп-шығып жатқаны байқалады. Сонаужерде полиция бекетімен қатар, медициналық бекет орналасқанымен, ешкімдітексеріп жатқан жоқ.  

                               «Қалаған жеріңежеткізіп беремін»

  Базарға кіргеннен жағалай ағаш көшеттерін, гүлсатып тұрған сатушыларды байқадым. Сатып алушылар да баршылық екен. Менің туяағаштарына көңілім ауғанын байқаған сатушы «қанша аласыз, үйдің алдында әдемікөрінеді» деді. «Алғанмен, жеткізе алмайтын сияқтымын ғой, жаяу жүрмін»дегенімді естіген сатушы «карантинге қарамастан, қалаған жеріңізге жеткізіпбереміз, саспаңыз» деді. «Шынымен бе, мына іргедегі ауылда тұрамын» дегенімсол, сатушы: «Балам кеше 10 мың теңге беріп, қалаға да кіріп шықты. Ағаш басына500 теңге қосып төлесеңіз, үйіңізге дейін жеткізіп береміз», – деді. Айтуынша,3000 теңге берсе, блок-бекетке қарамай, ауылға емін-еркін  кіріп шығады екен. «Қазір тоқтай тұрыңызшы»деп, мекенжайымды анықтап алған соң, баласына хабарласып түсіндіріп, «баламүйіңе апаратын айналма жолды да біледі екен, қалаған ағашыңызды таңдай беріңіз»деді бастырмалатып.

Базарға одан әрі кіргенімде, талап бойыншаазық-түліктің ғана емес, киім-кешек, аяқкиімдердің де емін-еркін саудаланыпжатқанын байқадым. Мен сөзге тартқан сатушылардың бірі: «Жасырын жолдарменқаладан келіп істеп жатырмыз, базар берген анықтама қағазын блок-бекеттегілермойындамайды, ақыры базардың азық-түлік бөлімі істеп жатқандықтан, сатушылардыңтексеріспен емін-еркін жүруіне жағдай жасап беруі керек еді. Қазір тығылыпкіріп-шығып жүрміз, ешкім дене қызуымызды немесе маскамыздың бар-жоғын тексеріпжатқан жоқ», – деді.

                                               Сондакарантин кім үшін?

 Бірқызығы, «Алтын орда» базары қаладағы карантинді күшейту кезінде де, 15 сәуірденкейін Алматы облысындағы карантинді күшейту кезінде де назардан тыс қалған.Қала мен облыстың шекарасында орналасқан базардың азық-түлік бөлімі ғана емес,басқа да бөліктері жұмыс істеп жатқаны, соған қарамастан, санитарлық талаптардыда орындамай жатқаны таңғалдырды. Еліміздің саудажәне интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың «азық-түлік емес сауда базарларыныңқызметін тоқтата тұру керектігі, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшінсанитарлық және дезинфекциялық шараларды күшейту қажеттігі, өнімдерді текбуып-түйілген түрде сатуды жүзеге асыру керектігіне; сатып алушылардың арасындакемінде бір метр қашықтықты сақтай отырып, бес адамнан артық кезектің пайдаболуына жол бермеу; тәулігіне кемінде бір рет дезинфекциялау құралдарыменөңдеу, асханаларда үстелдердің арасындағы екі метр қашықтықты сақтау» секілдіталаптарының ешқайсысының орындалмай жатқанының куәсі болдық. Базар ішінде үшсағаттан астам жүрген кезде санитарлық дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліпжатқанын көрмедік. Не қала әкімінің, не облыс әкімінің тісі батпайтындай, базаржұмысын шектей алмайтындай базардың иесі кім екен дейсің еріксіз. О бастакоронавирустың бастауы Ухандағы базар болғанын қалай естен шығардық?!

Маман недейді?

                 Еліміздің санитарлық жағдайыөте нашар

СәбитДӘРІБАЕВ, зейнеттегі санитар-дәрігер:

– Мен 54 жыл санитарлық қызметте істеп, осысаладан зейнетке шықтым. Қазір еліміздің санитарлық жағдайы өте нашар. Өйткені бүгінгікүні еліміздің медицина саласында санитарлық дәрігер деген ұғым жоқ. Еш жердесанитарлық тексерулер жүргізілмейді. Ішіп-жеп жатқанымыз, тұтынып отырғанымызғасанитарлық тұрғыдан бақылау жоқ. Санитарлық мамандар жұқпалы аурулардың алдыналуға айтарлықтай ықпал ететін, санитарлық қадағалауды жүзеге асыратын қызмет.Ал біз ол қызметті түгел жойдық. Сондықтан тамақтану орындарында, көпшілікжиналатын жерлерде тазалық жоқ. Бұрын санитар мамандар тексеретіндіктен, базарда, асхана да барлық жерді санитарлық тұрғыдан мұқият тазалайтын. Еліміздесанитарлық дәрігер деген лауазым жоғалды, ол қазір жетекші маман деп қанааталады. Сондықтан олардың қызметін атқарып жатқан ешкім жоқ. Дәрігерлердің  жаппай дерт жұқтырып жатқанының себебі осында.Оларға санитарлық тұрғыдан сақтанудың алгоритмін жазып, санитарлық тазалықтыкүшейтіп отырған ешкім жоқ. Тексеру келер алдында талай ресторандардыңқабырғаларына дейін хлормен ысқылап жуатынын көрген едік. Ал қазір еш жердеондай тазалық жоқ. Аурудың алдын алу жұмыстары жүргізілмейді. Сондықтан жұқпалыауру көп. Қазір базарларда бәрі қалай болса солай сатылып жатыр. Ана жердеқалдық су ағып, ол жерге шыбын үймелеп жатса, мына жерде құрт, май сатылыпжатыр. Тағы бір жерінде ет саудаланып жатса, жуылмайтын дән секілді заттардыңүсті ашық тұр. Ең болмаса төтенше жағдай кезінде ол заттарды орап сатуды қатаң талапетуіміз керек қой.

    Биыл қыста балалардың барлығы тыныс жолдарыжұқпалы ауруымен ауырды. Ауруханалар толып қалып, тек пневмония болғандарынғана алып қалып, қалғандарын жедел жәрдем алып келсе де, үйлерінде ем алуқажеттігін айтып қайтарды. Себебі науқастар сыймай жатты.

   Әліде кеш емес, тез арада санитарлық қадағалау жұмыстарын күшейтпесек,коронавирустан құтыла алмаймыз. Мәселен, жыл сайын қырым қанды безгегітіркеледі. Өйткені бүгінгі мамандар кенені қалай өлтіруді білмейді. Бұрын қазаққыстаудан жайлауға көшкенде малқорасындағы қиды аударып кететін. Көңдіаударғанда кенелердің жұмыртқалары өліп қалады. Олардың әрі қарай өмір сүру мүмкіндігіжоғалады. Қазақ оқымаса да, сол әдісті, санитарлық тазалықты білген. Малды дәрісалып тоғыту арқылы да талай аурудан сақтайтын. Қазір қарапайым осындайсанитарлық шаралардың бірде-біреуі атқарылмайды. Өйткені қадағалайтынсанитарлық қызмет жоқ. Сондықтан кенеге таланып, масаға жем болып, неше түрліаурулар қозып, айдың күні аманда шарасыздың күнін кешіп отырмыз. Кене менқандалаға, масаға ие бола алмай отырғанда алдын алмасақ, коронавирус секілдіауруға шамамыз келмей, тіпті қырылып қаламыз.

     Аймақтардаіндетті жұқтырушылар санының артып жатқанына алаңдаулымын. Өйткені санитарлықмаман жоқ жерде вирустың алдын алу шаралары ойдағыдай жүргізілмейді. ОрталықАзия елдерінің бәрі санитарлық қызметтен бас тартқан жоқ. Біз ғана таусылмайтынреформалардың арқасында санитарлық қызметті таратып, жұқпалы ауруларды өршітіпотырмыз. Ұлттың денсаулық жағдайы санитарлық жағдаймен тікелей қатысты.Елімізде санитарлық қызмет жоқ кезде халықтың денсаулығына, жұқпалы аурулардыңалдын алуға кепілдік бере алмаймыз. Жұқпалы эпидемия кез келген уақытта пайдаболып, халықтың денсаулығына айтарлықтай залалын тигізеді. Сондықтан санитарлыққызметті қалпына келтіріп, жұқпалы аурулардың алдын алуға тырысуымыз керек.

Қуаныш ӘБІЛДӘҚЫЗЫ

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз