COVID-19

Тоқшылық па, әлде жоқшылық па, карантинде халық неге босып жүр?

Карантинде отырғанымызға 40 күндей уақыт болды. Індетті жұқтырушылардыңсаны азаяр емес.

Тоқшылық па, әлде жоқшылық па, карантинде халық неге босып жүр?

Тіпті дәрігерлеріміз жаппай жұқтырып, аурухананың өзі вирустыжұқтыру ошағына айналуда. Онсыз да айлығы шайлығына әзер жетіп жүрген жұртшылықжұмыссыз қалған соң, мемлекет тарапынан берілген 42 500 теңгесі жұмырына жұқболмауда.

Коронавирустан бұрын, аштан өлуден қорыққанталай жан еріксіз үйден шыға бастағандай. Сондықтан өзім тұратын ауылданбұрынғыдай емес, халықтың ерсілі-қарсылы жүрісін жиі байқай бастағандықтан,үйден шығып, журналистік қызығушылықпен айналаны шолып шығуды жөн көрдім.

 Айтқанымдай-ақ, үйден шыға сала көшеде жүйткіпжүрген көп таксидің біріне қолымды көтергенім сол еді, тоқтай қалды. Бетіндемедициналық маскасы, қолында арнайы қолғабы жоқ таксист өзім тұратын Абайауылының шығаберіс жолына қойылған блок-бекетке дейін жеткізіп, кері қарай адамалып қайтуға өзінің кезегін күтіп, көлеңкеде отырған он шақты таксиске барыпқосылды.

                     «Асыл Арманның»халқы карантиннен бейхабар секілді

    Райымбек көшесінің қарсы бетіне жаяу өтіп, «АсылАрман» тұрғын үй кешеніне бару үшін тағы такси тоқтаттым. Азық-түлік тасығанжүк көліктері ғана емес, қаладан қайтқан жеңіл көліктердің де баршылық екенінбайқап, тоқтаған таксисті сөзге тарттым. «Қаладан келесіз бе, блок-бекеттен өткізіп жатыр ма» деген сауалыма тағыда маскасы жоқ көлік жүргізушісі «қаладан келе жатырмын, өттік қой, әйтеуір»деп қысқа қайырды. «Асыл Арман» кешенінен түсіп қалдым. Жиырма мыңнан астамтұрғыны бар тұрғын үй кешені тұрғындарының осы айдың басында екі аптаоқшауланып, карантинде жатқаны естен шыққандай. Тұрғын үй кешенінің алдындағыазық-түлік базарында адам қарасы қалың, аулада ата-аналар балаларын емін-еркінойнатып жүр. Тіпті балалар өзара ойнап, аналары бірігіп алып, өзара ортақәңгімеге тақырып тапқан. Тұрғын үй кешенінің алдында кәуәпхана жұмыс істеп тұр,азық-түлік базарындағы дәнді дақылдардың беті ашық сатылып жатқанына ренжігенімбекер екен, кәуаптың қасында самса мен бәліштер де беті ашық саудаланып жатыр. Тек«Сабыржан» көтерме сауда дүкені ғана тұрғындарды дүкен ішіне кіргізбей,есіктегі алақандай тесіктен сауда жасап жатыр. Базардағы саудагерлердің де,тұтынушылардың да өзара арақашықтық сақтап немесе маска тағып, қолғаппен жұмысістеп жатқаны жоқтың қасы. 21 үй, 5 мыңнан аса пәтер бар, 20 мыңнан астам халықтығыз орналасқан тұрғын үй кешенінің халқы карантиннен мүлдем бейхабардай әсералдым.

                         «Алтынорданы» да карантин айналып өткендей...

     Үйіме жақын жердегі халық жиі шоғырланатынекінші жерге ат басын бұрдым. Ауылдастардың ортақ чатынан базардың карантинбасталғалы бір күн де тоқтамай жұмыс істеп жатқанын, тұрғындардың базарға емін-еркінбарып-келіп жатқанын жиі естігендіктен, көпшілік кіріп-шығып жүрген базардыңартқы жағындағы Іргелі ауылынан кіруді жөн көрдім. Мен тоқтатқан таксист те олжолды білетінін  айтып, маған дейінбірнеше адамды әкелгенін айтып, тез-ақ жеткізді. Ауылдың бір көшесінің екі жағықаз қатар тізілген, базарға келген көлікке толып қалыпты. Базардың кірераузында екі полиция қызметкері халықты кіргізбей жатқанын айтып тоқтатты. «Ондамына көліктер не істеп тұр» деген сұрағым жауапсыз қалды. Сол маңда жүргендербазардың алдынан кіргізіп жатқанын айтты. Тағы такси тоқтатып, базардың алдыңғықақпасына жеткізуін сұрадым. Бұл таксистің де еш қорғанбағанына ренжіп,«қаншама адам мінеді көлігіңізге, ең болмаса өзіңіз үшін маска кисеңіз қайтеді»деген ренішіме «Бір маска бірнеше сағаттан артық жарамайды екен, бәрібірбірнешеуін қатар ауыстырып киетін шамам жоқ, одан да ол ақшаға бала-шағаға бірнәрсе апарып берейін, қала жабылғалы таксистік табыс жоғалды. Қанша рет өтініштастасам да, 42 500 теңге шықпады. Қайта пәтер иесі пәтерақымды осы айғакешірді. Сондықтан қолыма түскенді ішіп-жемге тасимын. Бір ұлым, егіз қыздарымбар. Әйелім солардың күтімімен айналысып үйде отыр.  Карантин басталғалы осы базарға келген-кеткендердітасып, нәпақамды айырып  жүрмін», – деді.

 Айтарға сөз таппай, базардың алдыңғықақпасынан түсіп қалдым. Блок-бекеттің жанынан ағылған жұрт базарға емін-еркін,жаяу кіріп-шығып жатқаны байқалады. Сонау жерде полиция бекетімен қатар,медициналық бекет орналасқанымен, ешкімді тексеріп жатқан жоқ.  

                               «Қалағанжеріңе жеткізіп беремін»

  Базарғакіргеннен жағалай ағаш көшеттерін, гүл сатып тұрған сатушыларды байқадым. Сатыпалушылар да баршылық екен. Менің туя ағаштарына көңілім ауғанын байқаған сатушы«қанша аласыз, үйдің алдында әдемі көрінеді» деді. «Алғанмен, жеткізе алмайтынсияқтымын ғой, жаяу жүрмін» дегенімді естіген сатушы «карантинге қарамастан, қалағанжеріңізге жеткізіп береміз, саспаңыз» деді. «Шынымен бе, мына іргедегі ауылдатұрамын» дегенім сол, сатушы: «Балам кеше 10 мың теңге беріп, қалаға да кіріпшықты. Ағаш басына 500 теңге қосып төлесеңіз, үйіңізге дейін жеткізіп береміз»,– деді. Айтуынша, 3000 теңге берсе, блок-бекетке қарамай, ауылғаемін-еркін  кіріп шығады екен. «Қазіртоқтай тұрыңызшы» деп, мекенжайымды анықтап алған соң, баласына хабарласыптүсіндіріп, «балам үйіңе апаратын айналма жолды да біледі екен, қалағанағашыңызды таңдай беріңіз» деді бастырмалатып.

Базарға одан әрі кіргенімде,талап бойынша азық-түліктің ғана емес, киім-кешек, аяқкиімдердің де емін-еркін саудаланыпжатқанын байқадым. Мен сөзге тартқан сатушылардың бірі: «Жасырын жолдарменқаладан келіп істеп жатырмыз, базар берген анықтама қағазын блок-бекеттегілермойындамайды, ақыры базардың азық-түлік бөлімі істеп жатқандықтан, сатушылардыңтексеріспен емін-еркін жүруіне жағдай жасап беруі керек еді. Қазір тығылыпкіріп-шығып жүрміз, ешкім дене қызуымызды немесе маскамыздың бар-жоғын тексеріпжатқан жоқ», – деді.

                                               Сондакарантин кім үшін?

 Бір қызығы, «Алтын орда» базары қаладағы карантиндікүшейту кезінде де, 15 сәуірден кейін Алматы облысындағы карантинді күшейтукезінде де назардан тыс қалған. Қала мен облыстың шекарасында орналасқанбазардың азық-түлік бөлімі ғана емес, басқа да бөліктері жұмыс істеп жатқаны,соған қарамастан, санитарлық талаптарды да орындамай жатқаны таңғалдырды. Еліміздің сауда және интеграция министрі БақытСұлтановтың «азық-түлік емес сауда базарларының қызметін тоқтата тұрукеректігі, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін санитарлық жәнедезинфекциялық шараларды күшейту қажеттігі, өнімдерді тек буып-түйілген түрдесатуды жүзеге асыру керектігіне; сатып алушылардың арасында кемінде бір метрқашықтықты сақтай отырып, бес адамнан артық кезектің пайда болуына жол бермеу;тәулігіне кемінде бір рет дезинфекциялау құралдарымен өңдеу, асханалардаүстелдердің арасындағы екі метр қашықтықты сақтау» секілді талаптарының ешқайсысыныңорындалмай жатқанының куәсі болдық. Базар ішінде үш сағаттан астам жүрген кездесанитарлық дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп жатқанын көрмедік. Не қалаәкімінің, не облыс әкімінің тісі батпайтындай, базар жұмысын шектей алмайтындайбазардың иесі кім екен дейсің еріксіз. О баста коронавирустың бастауы Ухандағыбазар болғанын қалай естен шығардық?!

Маман не дейді?

                 Еліміздің санитарлықжағдайы өте нашар

Сәбит ДӘРІБАЕВ, зейнеттегі санитар-дәрігер:

– Мен 54 жыл санитарлыққызметте істеп, осы саладан зейнетке шықтым. Қазір еліміздің санитарлық жағдайыөте нашар. Өйткені бүгінгі күні еліміздің медицина саласында санитарлық дәрігердеген ұғым жоқ. Еш жерде санитарлық тексерулер жүргізілмейді. Ішіп-жепжатқанымыз, тұтынып отырғанымызға санитарлық тұрғыдан бақылау жоқ. Санитарлықмамандар жұқпалы аурулардың алдын алуға айтарлықтай ықпал ететін, санитарлыққадағалауды жүзеге асыратын қызмет. Ал біз ол қызметті түгел жойдық. Сондықтантамақтану орындарында, көпшілік жиналатын жерлерде тазалық жоқ. Бұрын санитармамандар тексеретіндіктен, базар да, асхана да барлық жерді санитарлық тұрғыданмұқият тазалайтын. Елімізде санитарлық дәрігер деген лауазым жоғалды, ол қазір жетекшімаман деп қана аталады. Сондықтан олардың қызметін атқарып жатқан ешкім жоқ. Дәрігерлердің жаппай дерт жұқтырып жатқанының себебіосында. Оларға санитарлық тұрғыдан сақтанудың алгоритмін жазып, санитарлықтазалықты күшейтіп отырған ешкім жоқ. Тексеру келер алдында талайресторандардың қабырғаларына дейін хлормен ысқылап жуатынын көрген едік. Алқазір еш жерде ондай тазалық жоқ. Аурудың алдын алу жұмыстары жүргізілмейді.Сондықтан жұқпалы ауру көп. Қазір базарларда бәрі қалай болса солай сатылыпжатыр. Ана жерде қалдық су ағып, ол жерге шыбын үймелеп жатса, мына жерде құрт,май сатылып жатыр. Тағы бір жерінде ет саудаланып жатса, жуылмайтын дән секілдізаттардың үсті ашық тұр. Ең болмаса төтенше жағдай кезінде ол заттарды орапсатуды қатаң талап етуіміз керек қой.

    Биылқыста балалардың барлығы тыныс жолдары жұқпалы ауруымен ауырды. Ауруханалартолып қалып, тек пневмония болғандарын ғана алып қалып, қалғандарын жеделжәрдем алып келсе де, үйлерінде ем алу қажеттігін айтып қайтарды. Себебі науқастарсыймай жатты.

   Әлі де кеш емес, тез арада санитарлыққадағалау жұмыстарын күшейтпесек, коронавирустан құтыла алмаймыз. Мәселен, жылсайын қырым қанды безгегі тіркеледі. Өйткені бүгінгі мамандар кенені қалайөлтіруді білмейді. Бұрын қазақ қыстаудан жайлауға көшкенде малқорасындағы қидыаударып кететін. Көңді аударғанда кенелердің жұмыртқалары өліп қалады. Олардың әрі қарай өмірсүру мүмкіндігі жоғалады. Қазақ оқымаса да, сол әдісті, санитарлық тазалықтыбілген. Малды дәрі салып тоғыту арқылы да талай аурудан сақтайтын. Қазірқарапайым осындай санитарлық шаралардың бірде-біреуі атқарылмайды. Өйткеніқадағалайтын санитарлық қызмет жоқ. Сондықтан кенеге таланып, масаға жем болып,неше түрлі аурулар қозып, айдың күні аманда шарасыздың күнін кешіп отырмыз.Кене мен қандалаға, масаға ие бола алмай отырғанда алдын алмасақ, коронавируссекілді ауруға шамамыз келмей, тіпті қырылып қаламыз.

     Аймақтарда індетті жұқтырушылар саныныңартып жатқанына алаңдаулымын. Өйткені санитарлық маман жоқ жерде вирустың алдыналу шаралары ойдағыдай жүргізілмейді. Орталық Азия елдерінің бәрі санитарлыққызметтен бас тартқан жоқ. Біз ғана таусылмайтын реформалардың арқасындасанитарлық қызметті таратып, жұқпалы ауруларды өршітіп отырмыз. Ұлттыңденсаулық жағдайы санитарлық жағдаймен тікелей қатысты. Елімізде санитарлыққызмет жоқ кезде халықтың денсаулығына, жұқпалы аурулардың алдын алуға кепілдікбере алмаймыз. Жұқпалы эпидемия кез келген уақытта пайда болып, халықтыңденсаулығына айтарлықтай залалын тигізеді. Сондықтан санитарлық қызметтіқалпына келтіріп, жұқпалы аурулардың алдын алуға тырысуымыз керек.

  Қуаныш ӘБІЛДӘҚЫЗЫ

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз