Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:23, 07 Наурыз 2024

Трамп Байденді дебатқа шақырды

Трамп
Фото: armenpress.am

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп елдің қазіргі басшысы Джо Байденді пікірталас өткізуге шақырды. Бұл туралы Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде хабарлады.

 

«Еліміздің игілігі үшін Джо Байден екеуміз Америка мен Америка халқы үшін маңызды мәселелерді талқылау маңызды. Сондықтан пікірталас өткізуді талап етемін. Кез келген уақытта, кез келген жерде», - деп жазды ол.

Ал, Байден Трамптың айтқан ұсынысына түсініктеме бере отырып,«Трамптың басқа шаруасы жоқ» деді. CNBC басылымы, бұған дейін екі саясаткер де партияларындағы барлық негізгі пікірсайыстарды өткізіп алғанын жазады.

АҚШ-та президенттік сайлау 2024 жылдың 5 қарашасында өтеді. Ал, кеше 6 наурызда БҰҰ-дағы АҚШ-тың бұрынғы тұрақты өкілі Никки Хейли президенттік сайлаудан шығатынын жариялады, содан кейін республикалық партиядан Трамп жалғыз үміткер болып қалды. Демократтар арасында Байден көш бастап тұр.

Reuter агенттігі Хейлидің бұл шешімі Трамп пен Байденнің сайлауда АҚШ президенті болу үшін қайта бәсекелес болатынын жазған. 

Фото: armenpress.am