Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:40, 08 Қараша 2024

Трамп Путинмен сөйлесуге дайын екенін айтты

Путин мен Трамп
Фото: Reuters

АҚШ Республикалық партиясының мүшесі Дональд Трамп президент сайлауында жеңіске жеткеннен кейін Ресей президенті Владимир Путинмен әлі сөйлескен жоқ, бірақ ол бұл мүмкіндікті жоққа шығармайды.

«Менің ойымша, біз сөйлесеміз», - деді Трамп NBC арнасына берген сұхбатында. Ол сайлаудың алғашқы нәтижелері шығарылғаннан бері 70-ке жуық әлемдік көшбасшымен, соның ішінде Украина президенті Владимир Зеленскиймен сөйлескенін айтты. 

Путин де Трамппен сөйлесуге қарсы емес

Бұған дейін Путин 7 қараша, бейсенбі күні Валдай форумында өткен баспасөз мәслихатында  Путин Дональд Трампты сайлануымен құттықтап, Кремль «Америка халқы сенетін кез келген мемлекет басшысымен ынтымақтасуға» дайын екенін атап өтті. Оның айтуынша, Трамп 2016 жылдан 2020 жылға дейін биліктегі бірінші мерзімінде «қосымша қадам жасаудан, артық сөз айтудан» қорықты, бірақ өткен жаздағы қастандық кезінде батылдық танықан.

Зеленский Трамппен  сұхбаты туралы айтты

Украина президенті Владимир Зеленский Дональд Трампты АҚШ-тағы президент сайлауындағы жеңісімен алғашқылардың бірі болып құттықтады, деп хабарлайды DPA және Reuters. Зеленскийдің өзі Telegram арнасында 7 қарашаға қараған түні "президент Трамппен телефон арқылы сөйлескенін және оны тарихи және сенімді жеңісімен құттықтағанын" жазды.

«Біз тығыз қарым-қатынасты жалғастырып, ынтымақтастығымызды дамытуға келістік», - делінген хабарламада.

«Украина Ресейдің шабуылынан қорғану үшін АҚШ-тың көмегіне тәуелді», - деп атап өтті dpa агенттігі. «Киевте Трамп әскери көмекті тоқтата алады және республикашыл мұны Кремль иесі Владимир Путинге үлкен жеңілдіктер арқылы жасағысы келеді деген қорқыныш бар». 

Айта кетейік, АҚШ-тың жаңа президентінің инаугурациясы 20 қаңтарда өтеді.