Саясат

Трамп Украинаға жаңа президент керек екенін айтты

АҚШ президенті Дональд Трамп Украина басшысы Владимир Зеленский басқа президентке орын беруі керек деп мәлімдеді.

Зеленский мен Трамп

Ол Зеленскийді Ресеймен қақтығысты тоқтату жөніндегі келісімге келуге ниет танытпай отыр деп айыптады.

Трамп журналистерге берген түсініктемесінде Зеленскийдің келісім жасауға бірнеше мүмкіндігі болғанын, бірақ олардың ешқайсысын пайдаланбағанын айтты. АҚШ президентінің пікірінше, Украина басшысы өз әрекеттерімен әлемге қиындық туғызып отыр.

Сондай-ақ Трамп мұнай өңдеу зауыттарына жасалған соққыларды мысалға келтірді. Оның айтуынша, мұндай шабуылдар АҚШ фермерлеріне де кері әсерін тигізіп жатыр.

Америкалық көшбасшы Украинаға қақтығысты тоқтату жөнінде келісімге келе алатын жаңа басшы қажет екенін де атап өтті. Бұл – Трамптың жеке ұстанымы.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз