09:53, 03 Мамыр 2024
Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды
ҚР Бас Прокуратурасы Қаңтар оқиғасы бойынша күдікті деп танылған бұрынғы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев 2 айға қамалғанын мәлімдеді.
Астана қаласының мамандандырылған тергеу соты 2024 жылдың 30 сәуірінде бұрынғы Ішкі істерминистрі Е.З.Тұрғымбаевқа қатысты екі ай мерзімге «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпаушарасын санкциялады, делінген хабарламада.
Экс-министр 29 сәуір күні 2022 жылғы қаңтардағы оқиғаларға байланысты ауыр зардаптарға әкеп соққан билік пен лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдаланғаны үшін күдікті деп танылып, ұсталған болатын.
Ерлан Тұрғымбаев Ішкі істер министрі қызметін 2019 жылдың ақпанынан бастап, 2022 жылға дейін атқарды. Ал, Қаңтар оқиғасынан кейін ол қызметінен кетті.
Фото: patrul.kz