Өңір

Тұрғындарды көшіруге Ұлттық гвардия мен полиция жұмылдырылды (видео)

Түркістан облысының450 полицейі Мақтаарал ауданының тұрғындарын су басу қаупіне байланыстыкөшіруге қатысты Естеріңізгесала кетейік, 01.

Тұрғындарды көшіруге Ұлттық гвардия мен полиция жұмылдырылды (видео)

05.2020 ж.Сардоба су қоймасы бөгетін су шайып кетуінебайланысты Өзбекстан Республикасының Сырдария облысындағы елді-мекенді субасты.

Көршімемлекеттің облыс басшылығының шешімімен су қоймасында су мөлшерін азайтумақсатында орталық тармақ арнасы арқылы суды ағызу жұмыстары жүргізілді.

Нәтижесінде Түркістан облысы Мақтааралауданында бірнеше шекара маңындағы коллекторлары суға толып қалды. Осылайшаколлекторлардан құйылған су, арнасынан шығып кету салдарынан Мақтарал ауданышекарасындағы Жеңіс және Жаңа Тұрмыс елді-мекендерін су басу қаупі туындады.

Аталғанжайт бойынша Мақтаарал ауданының әкімдігінде жедел штаб құрылып, 02.05.2020жылы шамамен 1 сағат 30 минутта техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялаутуралы шешім қабылданды. Осыған байланысты Жеңіс, Жаңа Тұрмыс және Нұрлы жолауылдарынан тұрғындарды және үй малдарын эвакуациялау туралы шешім қабылданды.

Халықтыэвакуациялау үшін жеке құрамның 450 қызметкері Мақтаарал, Жетісай және СарыағашАПБ-нен және Ұлттық ұланның 250 әскерилері жұмылдырылды.

Мақтааралауданы Мырзакент кентіндегі №4 мектепте 2200 адамға арналған эвакопунктдайындалды.

Техногендіктөтенше жағдай жарияланған оқиға орнына Түркістан облысы Полициядепартаментінің бастығы полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбеков арнайы келді.

Қазіргіуақытта оқиға орнынан Мақтаарал ауданы елді-мекендерінің 5400 тұрғыныэвакуацияланды, кейбіреулері өздері көшіп, басқаларға көмек көрсетті.

Тәртіпсақшылары қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойыншажұмыстар жүргізіліп, басқа да қажетті шаралар қабылдануда.

Түркістаноблысы,

 ПД-нің баспасөз қызметі

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз