Қоғам

«Түркі халықтарының рухани мұрасы әлемдік өркениет аясында: «Алпамыс батыр» жыры» атты халықаралық конференция өтеді

ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ҚР Ұлттық Комиссиясы, Халықаралық Түркі мәдениеті мен мұрасы қоры, ҚР Бейзаттық мәдени мұра жөніндегі ұлттық комитеті және М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты 2024 жылы 17-18 қазанда «Түркі халықтарының рухани мұрасы әлемдік өркениет аясында: «Алпамыс батыр» жыры» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өткізеді.

Алпамыс

Конференция барысында «Алпамыс батыр» жырының қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі басылымы таныстырылады. Сонымен қатар Түркі халықтарына ортақ мұра ретінде осы жырды ЮНЕСКО көлемінде Материалдық емес мәдени мұра тізіміне енгізу жөніндегі мәселе талқыланады.

Шараға Түркия, Әзербайжан, Ресей Федерациясы (Уфа, Қазан, Новосибирск), Қырғыз Республикасы, Өзбекстан елдерінің және Қазақстанның танымал эпостанушы ғалымдары қатысып, төмендегі тақырыптар бойынша баяндама жасайды:

«Алпамыс батыр» жырының ұлттық және әлемдік кеңістіктегі тарихи-мәдени және ғылыми маңызы;

Эпикалық туындылардағы әлемнің семиотикалық және тілдік бейнесі;

Эпикалық дәстүр және жыршылық өнер: өткені мен бүгіні;

«Алпамыс батыр» жырын зерттеудің пәнаралық түрлі аспектілері;

«Алпамыс батыр» жырының түркілік нұсқаларының ерекшеліктері;

Фольклорлық мұра және қазіргі заман.

Конференцияға қатысуға отандық және шетелдік ғалымдар, эпостанушылар, фольклортанушылар, тілтанушылар, әдебиеттанушылар, тарихшылар, өнертанушылар, философтар, мәдениеттанушылар, ЖОО оқытушылары шақырылады.

Өтетін орны: Алматы қ., «Достық үйі». Құрманғазы көшесі, 40

Өтетін уақыты: 17 қазан 2024 ж. Басталуы: 10:00 (Астана уақытымен)

Ұйымдастырукомитетініңбайланыс телефондары:

М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты

Мағазбеков Нұр Жандосұлы, баспасөз хатшысы. E-mail: nur_magazbekov@mail.ru Моб: +7 7759890212

Сәрсек Нәзира Әбдіманапқызы, ғылыми қызметкер. E-mail: sarsekn@mail.ru Моб: +77477818443

Тегтер: Алпамыс жыры
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз