Өңір

Түркістан облысы: экспорттаушылардың шығындарының бір бөлігі өтеледі

Экспорттаушылар 2020 жылдың 1 маусымына дейінгі аралықта мемлекеттікқолдаудың қаржылық шараларын алуға өтінім бере алады.

Түркістан облысы: экспорттаушылардың шығындарының бір бөлігі өтеледі

Түркістан облысы бойынша өткен жылдың қорытындысына сәйкес QazIndustryкомпаниясы тарапынан «еңбек өнімділігін арттыру» бағыты шеңберінде 69кәсіпорыннан 779,15 млн.теңгеге 122 өтінімдердің шығындары өтелді, ал «отандықөңделген тауарларды сыртқы нарықтарға жылжыту» бағыты бойынша 139 кәсіпорыннан3,9 млрд. теңгеге 179 өтінімдердің шығындары өтелді, оның 3,5 млрд. теңгесітауарларды жеткізуге байланысты шығындар және 350,5 млн. теңгесі тауарлардыжылжытуға арналған шығындар бойынша. Нақты алушылар туралы айтатын болсақ, 2019 жылы Түркістан облысы бойыншашығындарын өтеген кәсіпорындар: «Кентаулық трансформаторлық завод» АҚ шетелдекөрмеге қатысу бойынша шығындарын өтеген, «Асыл-LTD» ЖШС өнімді экспорттаукезінде көлік шығындарын өтеген, «КТЗ» АҚ басқару жүйесін автоматтандырубойынша шығындарды өтеді.

QazIndustry ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің еңбекөнімділігін арттыру бойынша және ҚР сауда және интеграция министрлігініңотандық өңделген тауарларды сыртқы нарықтарға жылжыту бойынша операторы болыптабылады. Компания экспорттаушыларға өңделген тауарларды шетелде жарнамалауға, шетелдіккөрмелерге, жәрмеңкелерге, фестивальдарға тікелей қатысуға; шетел тілдерінеаударуға және мамандандырылған каталог шығаруға, өнімді шетелдесертификаттауға, қойманы, сауда үй-жайларын жалға алуға байланысты шығындардыөтейміз. Елеулі шаралардың бірі – көлік шығындарының бір бөлігін өтеу. 

Компания қызметкерлерінің айтуынша, бүгінде мемлекеттік қолдау шараларынбарлық санаттағы өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындары – ШОБ пен ірі бизнес пайдаланаалады. Бірақ нақты талаптар бар. Мысалы, еңбек өнімділігін арттыруға байланыстыкеткен шығындардың бір бөлігін қайтарып алу үшін кәсіпорын қызметінэкономиканың басым секторларында кемінде 1 жыл жүзеге асыруы қажет. Алэкспорттық шығындарды өтегісі келетіндер отандық өңделген тауарларды өндірушіболуы немесе өндірілген өнімді өткізетін оның еншілес компаниясы болуы қажет.

Коронавирус пандемиясы мен ірі қалаларда карантин енгізуден туындағанелдегі қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты, өнеркәсіпкәсіпорындарының қызметі толық немесе ішінара тоқтатылды, ал шығындарды өтеукәсіпкерлік субъектілерінің қаржылық шығындарын азайтуға мүмкіндік береді.Сондықтан мамандар барлық кәсіпкерлерге шығындарды өтеуге өтінім берудіұсынуда.

 

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз