Әлеумет

Түркістанда жылына 8 үшем дүниеге келеді

Демографиялық ахуалы жақсы, бала туу көрсеткіші жағынан республикада көш бастап келе жатқан Түркістан облысында орта есеппен жылына 7-8 үшем дүниеге келеді.

Түркістанда жылына 8 үшем дүниеге келеді
Соңғы 10 жылда 80-нен астам отбасыда үшемдер жарық дүниенің есігін ашыпты. Бұл туралы өңірдегі Жас Алаш тілшісі хабарлайды.  3 қыркүйекте жаңадан құрылған Түркістан облысында алғашқы үшемдер дүниеге келді. Олардың анасы Сарыағаш ауданынан бөлініп, өз алдына ірге көтерген Келес ауданындағы Бірлік ауылының тұрғыны Аяжан ТӨЛЕНДІ. Бақытты ананың мұның алдын үш баласы бар. Бәрін қосқанда алтау болды. Осылайша Аяжан бір мезетте «Күміс алқа» иегері атанды.Үшемдер Түркістан облыстық №1 перинаталдық орталықта туылды. Аталған мекемеде жылына шамамен 9 мыңдай сәби дүниеге келеді.Үшемдер-бірі ұл, екеуі қыз. Оларға Төреәлі, Фатима, Зәуре есімдері берілді.-12 апталығымда УЗИ-ге түсірген дәрігерлер «үшеу туасың» дегенді айтты. Алғашқыда сенбедім. Енді міне білікті дәрігерлердің арқасында сәбилерімді аман-есен босандым. Үлкенімнің салмағы 2,3 келі, екіншісі-1,9 келі, ал үшіншісі 2 келі болды,-дейді Аяжан.Перзентханада жатқан кезде перинаталдық орталық басшылығы үшемдерге арнайы медбике тағайындаған.Үшемдердің әкесі Дәуірбек ТҮКТІБАЕВ жеке фирмада жұмыс істейді. Жуырда Келесі ауданының әкімі Ақментай ЕСБАЕВ үшемдер туылған отасыға тұрмыстық техникалық заттарды сыйға беріп, 5 бөлмелі баспананың кілтін табыстады.Жалпы Түркістан облысы мен Шымкент қаласында 3 миллионнан астам халық тұрады. Бұл дегеніңіз республика тұрғындарының 15 пайыздан астамын құрайды. Республика бойынша бала туу жөніндегі ең жоғарғы көрсеткіш де осы өңірлерге тиесілі. 1000 адамға шаққанда 22,6 сәбиден келеді. Облыс халқының жетпіс пайыздан астамы қазақтар. Халық Жетісай, Мақтаарал, Шардара, Сайрам, Сарыағаш аудандарында жиі қоныстанған. Облыс тұрғындарының 47 пайызы қалада, 53 пайызы ауылда тұрады.Фото автордікі. 
Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз