Өңір

Түркістанға келестіктер аллея тарту етпек

Облысорталығы Түркістанды түлету бағытында қазір қала аумағы 32 секторға бөлініп,барлығында абаттандыру жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр.

Түркістанға келестіктер аллея тарту етпек

Соның 16- шысекторы облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасымен Келес ауданы және Түркістанқалалық әкімдігі мемлекеттік сатып алу бөлімінің еншісіне берілген болатын.Аталған 16-шы секторда «Яссы»," Баянауыл","Қарашық" мөлтек аудандары орналасқан. Сектор бойынша жалпы жеркөлемі 850 гектарды құраса, ал үйлердің саны – 1317, тұрғындар саны – 4380,көшелер саны 47. Қазіргі таңға дейін 16-шы сектор аумағында 6260 дана ағашкөшеттері отырғызылды. Егілген көшеттерге төлқұжат дайындалып, картасыжасалынған. Егілген тал-дарақтар бүгінде толығымен «Жасыл Түркістан» КММ-ніңқарауына өткізілген. Секторлардағы егілген көшеттерді суғару мәселесі бойыншақазылған ұңғымалардан суғару жүйесі жүргізілгенге дейін техника (водовоз)арқылы суғарылуда. Сондай-ақ, жарықшамдар, қоқыс жәшіктері, орындықтар менаялдамаларды орнату жұмыстары бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес жүргізілуде.Орындықтар, қоқыс жәшіктері, аялдамалар дизайндерінің біркелкі болуы бақылауғаалынған. Сектор аумағындағы ғимараттардың (тұрғын үй, кәсіпкерлік нысандар жәнет.б) қасбеттерін ретке келтіру жөнінде меншік иелеріне түсіндіру жұмыстарыкүнделікті жүргізілуде. Қазіргі таңда 120 тұрғын үй, 3 кәсіпкерлік нысанныңқасбеттері ретке келтірілген. Қасиетті Түркістан қаласын көгалдандыруға Келесауданынан 15 адам, жергілікті тұрғындардан 5 адам тұрақты жұмысқа тартылды.Тазалық жұмыстарына 3 техника жұмылдырылған. Қаладағы Руханият көшесініңбойынан жастардың бос уақытын тиімді әрі көрікті өткізуі үшін аллея соғылуда.Қазіргі таңда аллея аумағына аяқ жолдар төселіп, декоративті ағаш көшеттеріегіліп, газон шөптері себілуде. Егілген көшеттерді суғару жүйесі (система)жүргізіліп, күнделікті суғарылуда. Орындықтар мен қоқыс жәшіктерін орнатуға датапсырыс берілді.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз