Саясат

Түркия өзінің құрлықаралық ракетасын таныстырды

Ракета 9-25 Мах жылдамдыққа дейін жете алады. Мұндай сипаттамалар оған қазіргі әуе және зымыранға қарсы қорғаныс жүйелерін еңсеруге мүмкіндік беретіні айтылды.

Yildirimhan

Түркияның Ұлттық қорғаныс министрлігі Ыстанбұлда өтіп жатқан SAHA-2026 халықаралық қорғаныс, авиация және ғарыш өнеркәсібі көрмесінде «Yildirimhan» құрлықаралық ракетасын таныстырды.

Anadolu Agency мәліметінше, ракета министрліктің ғылыми-зерттеу орталығы тарапынан әзірленген және жаңа қорғаныс өнімдерін таныстыру аясында көпшілікке көрсетілген.

Іс-шараға Түркияның ұлттық қорғаныс министрі Яшар Гүлер қатысқан. Ол өз сөзінде жасалып жатқан әскери өнімдер ел мен армияға табыс әкеледі деген үміт білдірді.

Таныстырылымнан кейін министр басқа да әскери жобалармен бірге «Yildirimhan» құрлықаралық баллистикалық ракетасы қойылған экспозицияны ашты.

Жарияланған мәліметке сәйкес, ракета 9-25 Мах жылдамдыққа дейін жылдамдай алады. Мұндай мүмкіндік оған қазіргі әуе шабуылына қарсы және зымыранға қарсы қорғаныс жүйелерін бұзып өтуге жағдай жасайды.

Ракета азот тетраоксиді негізіндегі сұйық отынды пайдаланады және төрт ракета қозғалтқышымен жабдықталған. Сондай-ақ оның шамамен 3000 келі салмақтағы жауынгерлік оқтұмсық алып жүруге қауқарлы екені айтылды.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз