Түркияда Instagram бұғатталды
Түркияның Технология және коммуникациялар кеңесі Instagram әлеуметтік желісіне кіруге тыйым салды. Бұғаттаудың себептері мен уақыты айтылмаған.
Түркияның Birgün газеті мұндай шешімге әлеуметтік желінің Иранда Хамас лаңкестік тобы жетекшілерінің бірі Исмаил Ханиенің өлтірілуіне байланысты көңіл айтуды бұғаттауы себеп болуы мүмкін деп жазды.
Түркия президенті әкімшілігінің коммуникациялар бөлімінің басшысы Фахреттин Алтун 1 тамызда Instagram-ды палестиналық Хамас қозғалысының саяси бюросының басшысы Исмаил Хания қайтыс болғаннан кейін көңіл айту хабарламаларын жариялауға «кедергі» жасағаны үшін айыптап, оны цензура әрекеті деп атады.
Алтун әлеуметтік желінің әрекетін цензураның көрінісі деп атап, «жаһандық қанаушы әділетсіздік жүйесіне» қызмет ететінін бірнеше рет дәлелдеген платформаларға қарсы шара қолдану арқылы сөз бостандығын қорғауға уәде берді.
Айта кетейік, ХАМАС саяси бюросының басшысы Исмаил Хания 31 шілдеге қараған түні Тегеранда өлтірілді. Хания басқа Хамас жетекшілерімен қатар 2023 жылдың 7 қазанында Израильге жасалған шабуылға жауапты болды.