Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:44, 01 Сәуір 2024

Түркияда сайлау өтті

а
Фото: из открытых источников

Түркияда жергілікті әкімшілік сайлауы өтті. Сайлауда ел бойынша 206 мыңнан астам сайлау жәшігі орнатылған.

61 миллион 441 мыңнан астам сайлаушы дауыс беретін сайлауда тәуелсіз кандидаттар мен 34 саяси партияның кандидаттары бақ сынасты. Сайлаушылар 30 ірі қалалық муниципалитет, 51 қалалық муниципалитет, 973 аудан, 390 ауыл әкімшілігі төрағасы және 50 мың 336 ауыл басшысымен бірге қалалық мәжілістердің мүшелерін анықтау үшін сандыққа жүгінген.

Дауыс беру Түркия уақыты бойынша сағат 07.00-де басталып, 16.00-де аяқталады. Осы облыстардан тыс басқа жерлерде дауыс беру уақыты 08.00-ден 17.00-ге дейін болады.

Президент Режеп Тайып Ердоған кеше өткен жергілікті сайлау нәтижелеріне қатысты «Бұл сайлаудың жеңімпазы – біздің демократиямыз, ұлттық ерік-жігеріміз» деді.

Президент Ердоған сайлау нәтижелері жарияланғаннан кейін өзі төрағасы болып табылатын Әділет және даму партиясы бас кеңсесінің балконынан азаматтарға сөз сөйледі.

«Азаматтарымыздың парасаттылығы мен қауіпсіздік күштеріміздің құрбандықтарының арқасында түрік демократиясы өзінің кемелдігін тағы бір рет дәлелдеді» деген Ердоған былай деді: «Баршаға аян сайлау демократиялық елдердің ең маңызды күндерінің бірі болып табылады. Ұлттың еркі сайлау жәшігінде көрінеді. Халық өз үнін жәшік арқылы айтады. Халық ой пікірін жәшік арқылы саясаткерге жеткізіп отырады. Елдің еркі сайлау жәшігі арқылы жүзеге асады. Халық ескертуі мен ризашылығын жәшік арқылы білдіреді. 31 наурыздағы жергілікті әкімшілік сайлауында түрік халқы тағы да сайлау жәшігін саясаткерлерге өз хабарламаларын жеткізу мүмкіндігі ретінде пайдаланды. Бұл сайлаудың жеңімпазы - ең алдымен біздің демократиямыз, ұлттық ерік-жігеріміз және саяси көзқарастарына қарамастан барлық 85 миллион халық» деді.

Дауыс беру жәшіктерінің нәтижелері бізге (Әділет және даму партиясы) бүкіл елде сенімнен айырылып жатқанымызды көрсетеді. Әрине бұл төмендеудің себептерін де талқылайтын боламыз. Қай жерде жеңілсек те, артта қалсақ та, себептерді мұқият анықтаймыз және қажетті шаралар жасаймыз» деген Ердоған сайлау нәтижелерінің елге, ұлтқа, қалаларға, аудандар мен ауылдарға пайдалы болуын тіледі.

Фото: trt.net.tr

Тегтер: