Түркістан облысында 8 жастағы бала 1 айдан астам уақыт табылмай жатыр
Түркістан облысында жоғалып кеткен 8 жастағы баланы іздеу жұмыстары әлі нәтиже бермей отыр.
Жаннұр есімді баланы анасы түскі уақытта далаға ойнауға жіберген. Алайда шамамен бір сағат өткен соң оның үйге оралмағаны белгілі болған.
Туыстарының айтуынша, бала Келес өзені маңына барған болуы мүмкін деген болжам бар. Содан бері ата-анасы мен жақындары оны таба алмай келеді.
Төтенше жағдайлар қызметі жүргізген іздестіру шаралары бір апта бұрын тоқтатылған. Дегенмен, баланың туыстары іздеуді өз күштерімен жалғастырып жатыр.
Баланың анасы құтқарушылардың жұмысына көңілі толмайтынын айтып, мемлекеттен көмек сұрады. Ол Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жасап, Өзбекстаннан келетін суды уақытша тоқтата тұру мәселесін қарастыруды өтінді.