Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:38, 05 Маусым 2024

Түркістан облысында білім бөлімінен 2,8 млрд теңге ұрланған

а
Фото: из открытых источников

Түркістан облысының прокуратурасы білім беру мекемелерін тексеру барысында көптеген заң талаптарын бұзу және бюджет қаражатын жымқыруды анықтады.

Атап айтқанда Жетісай ауданының прокурорлары аудандық білім бөлімінің бухгалтерлерімен 2,8 млрд теңге бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады.

Осы факті бойынша құжаттар ҚР Қылмыстық кодекстің 189-бабымен тіркеліп, (сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету) тергеу Түркістан облысы прокуратурасының арнайы прокурорларымен жүргізілуде, делінген хабарламада.

Бүгінгі күнге прокуратураның қабылдаған шаралары нәтижесінде мемлекет бюджетіне 309 млн теңге қайтарылды.

Тексерулер жалғасып жатқаны айтылған.

Фото: pixabay