Түркістанда 15 баланы зорлаған қызметкерге қатысты тың дерек шықты
Адвокат Айман Омарова мәлімдеме жасады
Түркістан облысында балабақша қызметкері бірнеше баланы жаппай зорлағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zhasalash.kz.
33 жастағы отырарлық тұрған 15 балаға зорлық-зомбылық жасаған деп айыпталды. Зорланған балалардың жасы – 5-тен 10 жасқа дейін. Олардың 14-і қыз, біреуі ұл деп болжануда.
"Бастапқыда үш қыздың зорланғаны туралы ақпарат келді. Қазір олардың саны 15-ке жеткені туралы ақпарат пайда болды. Зорлық-зомбылық құрбандарының саны одан да көп болуы мүмкін. Күдікті қамауға алынды. Мұны бас прокуратураға жібереміз. Кейбір ата-аналар шағым бергісі келмейді. Себебі олар істі жауып тастайды деп қорқады", – деді адвокат Омарова.
Адвокат Ләззат Ракишева күдіктімен көрші тұратын үйдің балаларын енді гинеколог тексеретінін айтады. Сондықтан құрбан болғандар саны 15-тен де көп болуы мүмкін.
"Күдікті балабақшада от жағады. Жазда бұл адамға қарсы арыз берілді. Бірақ істің неге қозғалмағаны белгісіз", – деді Ракишева.