Түрмеде жақсы адамдармен отырдым(видео)
«Түрмеде ешқандай қиыншылық көрген жоқпын». 11 миллион пара алды деп ұсталған Қазақстанның бұрынғы білім және ғылым вице-министрі Эльмира СУХАНБЕРДИЕВА журналистердің түрмедегі өмірі жайлы қойған сауалдарына осылай деп жауап берді.
Желіде тараған видеода Эльмира Суханбердиева түрмеде ешқандай қиындық болмағанын, 2 адам болып отырғандығын айтады. «2 адам болып отырдық. Ешқандай қысым, қиыншылық болмады. Өте жақсы адамдармен отырдық. Құқық қорғау органының жұмысына да өкпем жоқ. Неге десеңіз, бәрі заңды түрде өтті,» — дейді вице-министр.Суханбердиева бұған дейін сот залында өзінің түрмеде отырып кітап жазғанын мәлімдеген еді. «Түрме вице-министрдің көзімен» деп аталатын кітап жақын арада шығып қалатынын, қазір баспа орталықтарымен келісім жасалып жатқандығын айтқан. Тіпті, бұл кітапты шетелдіктердің сұратып жатқандығын жасырмады.Айта кетейік, Вице-министр 6 маусым күні Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының шешімімен екі айға қамауға алынған болатын. Шенеунік «қызметтік лауазымын асыра пайдаланды» және «заңсыз кәсіпкерлікпен айналысты» деген баптар бойынша айыпталған.
10 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласының Есіл аудандық №2 сотында кінәлі деп танылып, 2500 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) көлеміндегі айыппұлмен босап шыққан.
Фото: vlast.kz