10:02, 16 Мамыр 2024
ТЖМ: 2 318 бала эвакуациялау пункттерінде
ҚР Төтенше жағдай министрлігі су тасқыны туралы соңғы ақпараттарды жариялады, деп хабарлайды Zhasalash.kz сайты.
Министрлік мәліметінше, 60 мыңнан астам адам өз үйлеріне оралған.
Республика бойынша 61 151 адам өз үйлеріне оралды. 5 365 адам, оның ішінде 2 318 бала эвакуациялау пункттерінде. 11 270 тұрғын үй мен 3 539 аула аумағынан су бұрылып, сорылды. 21,1 млн астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды, 7,9 млн қапшық және 1,5 млн астам тонна инертті материал төселді, делінген хабарламада.
Сонымен қатар, жедел желі телефонына 2261 қоңырау түскені айтылған.
Фото: ТЖМ