Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:48, 11 Сәуір 2024

ТЖМ: Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында жағдай күрделі

е
Фото: из открытых источников

ҚР ТЖМ Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында жағдайдың күрделі екенін хабарлады.

Осы сағатта авариялық-құтқару жұмыстарына 30 мыңға жуық адам, 3 мың техника жұмылдырылған.

«Су тасқыны басталғалы 98 мыңнан астам адам, оның ішінде 33 мың бала қауіпсіз жерге жеткізілді. Уақытша орналастыру пункттерінде 7 мың адам, оның ішінде 3 364 бала орналасқан», - деді ОКҚ алаңында өткен брифингте ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері Ерасыл Сайпаш.

Оның айтуынша, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында жағдайдың күрделенуіне, өзендердегі су деңгейінің жоғарылауына байланысты тұрғындарды алдын ала эвакуациялау, сондай-ақ жағалауды нығайту жұмыстары, суды сору, халықты хабардар ету және ақпараттандыру жұмыстары, сондай-ақ өзендер деңгейіне мониторинг жүргізілді.

Фото: Ортком