Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:44, 23 Сәуір 2024

ТЖМ: Батыста жағдай күрделене түсті

в
Фото:

ҚР ТЖМ қазіргі уақытта Атырау, Батыс, Солтүстік Қазақстан облыстарында су тасқынын жою жұмыстары жалғасып жатқанын мәлімдеді.

Су тасқынын жою жұмыстары басталғаннан бері шамамен 11,6 миллион текше метр су сорылып, 5 миллионнан астам құм қапшық төселген.

Атырау, Батыс, Солтүстік Қазақстан облыстарында су тасқынын жою жұмыстары жалғасуда. Ресейдің Ирикла су қоймасынан Жайық өзеніне ағызған судың салдарынан батыста жағдай күрделене түсті, ал солтүстікте су Ақмола облысынан келіп жатыр.Төтенше жағдай аймақтарындағы елді мекендердің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету мәселелері жедел шешілуде. Бұл ауыз суды жеткізуге, энергиямен жабдықтауды және көлік байланысын қалпына келтіруге қатысты, делінген хабарламада.

Министрлік ақпаратынша, Абай, Павлодар, Қарағанды, Ұлытау, Ақмола және Қостанай облыстарында жағдай тұрақты, жергілікті өзендердегі су деңгейі біртіндеп төмендеп келеді.

Фото: ортком

Тегтер: