Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
20:04, 26 Ақпан 2024

ТЖМ мен ТЖД құтқарушылары Алматыдағы көпқабатты үйлерді аралап тексерді

ТЖД
Фото: из открытых источников

Қазақстан республикасы Төтенше жағдайлар министрінің қоғамдағы қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру жөніндегі жұмыстарды белсенді жүргізу туралы тапсырмасы бойынша, Төтенше жағдайлар министрлігі мен Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлер тобы Алматы қаласында көпқабатты тұрғын үйлерді аралап, пәтер иелерімен қажетті сақтық шараларын сқтау жөінінде кездесу ұйымдастырды.

Сондай-ақ жергілікті тұрғындармен онлайн кездесулер өткізіп, пәтер иелерімен қажетті сақтық шаралары туралы әңгімелесті. Қажетті түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге Қазақстан республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты жиырма сегіз мың екі жүз отыз жеткінші әскери бөлімінің қызметкері қызметкері қатысқан. «Бұл жағдайда біз көпқабатты үйлердің тұрғындарына көбірек назар аударамыз: қалай эвакуациялау керек, өзін қалай ұстау керек, қандай шаралар қолдану керек», - дейді Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайлардың алдын алу департаментінің басшысы Рустамбек Амрин.

Төтенше жағдайлар министрлігі өкілдері Азаматтық қорғаныс саласындағы ұлттық ғылыми-зерттеу, білім беру және даярлау орталығының оқытушыларымен бірге халықтың қорғаныс саласындағы дайындығын жақсартуға күш салды. Мұның басты мақсаты қауіпті жағдайлар кезінде халыққа қалай әрекет етуі үйретіп, оқыс оқиғаларға олардың дайындық деңгейін жақсарту болып табылады. Алматы тұрғындары демалыс күндері үйде болады, үгіт-насихат жұмыстары сол кездедерде де жүргізіледі.

«Жексенбі күні біздің жұмыс тобы Әуезов, Бостандық және Наурызбай аудандарындағы ірі тұрғын үй кешендерін аралап, пәтер иелері ашқысы келмеген кезде мәселеге тап болдық. Мысалы, Наурызбай ауданындағы «Премьера» тұрғын үй кешенінің бір ғана кіреберісінде 90 пәтер бар, оның 35 пәтерінің иелерімен сөйлестік, қалғандарында – тұрғындар үйде болмаған немесе есіктерін ашпаған», - дейді Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкері.

Биыл қаңтар айының аяғында Алматы қаласында жер дірілісі болғанда халық дұрыс әрекет етуді білмейтіні белігілі болды, көпшілік қатты үрейленіп, көпқабатты үйлердің тұрғындары түрлі алып-қашпа әңгімеге сеніп, дұрыс қорғаныс шараларын жасай алмады.

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Атығаев Нұрланның айтуынша, көпқабатты үйлерде эвакуациялық жолдардың жабылып қалған жағдайлары бар екенін айтты. Оның айтуынша осы проблемалар бойынша халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет. Құтқарушылар осы жұмысты қолға алды. «Өкінішке орай, қазіргі таңда жаңа ғимараттар мен салынып жатқан көпқабатты үйлердің жобаларына кедергі жасай алмаймыз. Осыған қарамастан бізге тұрғындардан құрылыс ережелері сақталмай жатыр деген шағымдар көп түседі», - дейді Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Атығаев Нұрлан.

Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері көпқабатты үйлердегі қауіпсіздік мәселесіне мемлекеттік органдарға ғана емес, сол үйлерде тұрып жатқан тұрғындардың өздері де жауапты екенін айтады. Азаматтар ережеде көрсетілген барлық қажетті ережелерін қатаң сақтауы қажет.

Айта кетейік, жаңадан тағайындалған Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновтің бұйрығы бойынша Төтенше жағдайлар министрлігінің жедел қызметкерлері Алматы қаласы тұрғындары арасында көлемді үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп жатыр. Қоғамдық қауіпсіздік мәдениетін арттыру бағытында жұмыстар жалғасып жатыр. Мұндағы басты мақсат – халықты төтенше жағдайлар кезінде дұрыс әрі тиімді әрекет етуге дайындау. Тұрғындардың оқыс оқиға кездерінде өз-өзін қорғау қабілетін арттыру, дайындығын күшейту болып табылады.

Тегтер: