Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
17:33, 26 Сәуір 2024

ТЖМ: Үш облыста cу деңгейінің көтерілуі байқалады

п
Фото: из открытых источников

БҚО және СҚО өңірлеріне көмекке барған ТЖМ, ҚМ және ІІМ күштері мен құралдарының бір бөлігі тұрақты орналасу орындарына қайтарылуда. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен брифингте ҚР ТЖМ өкілі Асқар Шәріп хабарлады.

Оның айтуынша, Жайық және Есіл өзендеріне судың келуіне байланысты Атырау, Батыс және Солтүстік Қазақстан облыстары бақылауда. Су деңгейінің көтерілуі байқалады, мониторинг жалғасуда.

«Жайық өзені бойында су тасқыны жағдайын болдырмау мақсатында Атырау қаласында, Индер және Махамбет аудандарындағы ауылдық округтерде бөгеттерді нығайту жұмыстары жалғасуда. Бұған дейін броньнан шығарылған жылжымалы сорғы станцияларын қолдану арқылы су басқан аумақтардан су сору жұмыстары жүргізілуде», - деді спикер.

Авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға 25 мыңнан астам адам, 3 мың техника, 633 су сору құралы, 268 жүзу құралы, 14 әуе кемесі жұмылдырылды.

Фото: ортком

Тегтер: