Уәде етілген жылу жоқ: Степногорск халқы жылусыз отыр
Степногорск қаласының әкімі өңірдегі төрт тұрғын үйге әлі күнге дейін жылу берілмегенін айтты, деп хабарлайды Zhasalash.kz.
"Екінші күні бүкіл қала бойынша жылумен жабдықтау және төтенше жағдайлар бригадалары белсенді жұмыс істеуде. Біз бес үйде тиісті жұмыстарды аяқтаймыз. Қазіргі уақытта 2 шағын ауданда 40 үй жылуға қосылуда. Біз пәтерлерді аралайтын боламыз", - деді әкім.
Дегенмен, төрт үй әлі де жылусыз қалып отыр. Әкімнің айтуынша, 2 шағын аудандағы 45 үйді, сондай-ақ 1 шағын аудандағы 26, 43 және 49 үйлерді қосу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
"Біз қазір осы мәселелермен жұмыс істеп жатырмыз. Тұрғындардан түсіністік танытуды сұраймын. Біз үзіліссіз, демалыс күндері де жұмыс істейміз", - деді әкім қала тұрғындарына.
Ал жылу электр станциясы болса штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Гидравликалық проблемалар жойылған.