Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
17:02, 08 Желтоқсан 2023

Уақыт белдеуін өзгерту: Қазақстанда жаңа уақытқа көшу күні белгілі болды

уақыт
Фото:

Құжат қабылданған жағдайда «Қазақстан Республикасының аумағындағы уақытты есептеу тәртібі туралы» 2000 жылғы қаулыға өзгерістер енгізіледі.

"Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының уақыты мен жиілігінің мемлекеттік бастапқы эталонымен жаңғыртылатын, сақталатын және берілетін уақытты есептеу Халықаралық уақыт белдеулері жүйесі бойынша жүргізіледі деп белгіленсін", - делінген жаңа қаулыда.

Құжат ағымдағы жылдың 22 желтоқсанына дейін дауысқа салынады. Егер қазақстандықтар оны қолдаса, Астана, Алматы, Шымкент және республиканың тағы 12 облысында сағат тілі өзгереді.

«Астана, Алматы, Шымкент, Абай, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Ұлытау, Шығыс Қазақстан облыстарының әкімдіктеріне 2024 жылғы 29 ақпаннан 2024 жылғы1 наурызға қараған түні жергілікті уақыт 1 сағатқа артқа белгіледі», - делінген қаулыда.

Естеріңізге сала кетейік, биыл Қазақстанда  біртұтас уақыт белдеуіне көшуі туралы белсенді талқылау болған еді. Бір жыл ішінде қазақстандық ғалымдар мен түрлі сала мамандары Қазақстан аумағында біртұтас уақыт белдеуін белгілеу мәселесін зерттеді. Бүгінгі таңда Қазақстанда екі уақыт белдеуі қолданылады – UTC+5 және UTC+6. Ел аумағының көп бөлігі (батыс облыстарды қоспағанда) UTC+6 аймағында орналасқан.

Ғалымдардың айтуынша, UTC+6 уақыт белдеуі табиғи күн уақытына сәйкес келмейді, бұл биологиялық ырғақ пен адам денсаулығына кері әсер етеді. Атап айтқанда, сарапшылар астаналық уақыт бойынша өмір сүретін облыстар мен қалаларда сағат бір сағатқа (UTC+5) кері шегерілетін нұсқаны ұсынып отыр.